13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 17 700 ТОННА МҰНАЙ ӨҢДЕЛІП ЖАТЫР

10 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 17 700 ТОННА МҰНАЙ ӨҢДЕЛІП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Жоспарлы жөндеу жұмыстарынан кейін қайта іске қосылған Шымкент мұнай өңдеу зауыты тәулігіне 17 700 тонна мұнайды өңдеп, өнімнің барлығын ішкі нарыққа шығарып жатыр.

Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы сұхбат берген «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-інің техникалық директоры Бақыт Ерегенов мәлімдеді.

–Шымкент мұнай өңдеу зауытында 15 наурыз бен 8 сәуір аралығында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы мерзім аралығында отандық нарықта дизель отыны мен сұйытылған газ тапшылығы байқалды. Жағдайды ескере отырып, зауыттағы жөндеу жұмыстарын барынша жылдам жүргізуге күш салдық. Осылайша, белгіленген мерзімнен 1 күн бұрын жұмысты аяқтап шықтық. Қазір зауыт толық қуаттылығымен жұмыс істеп тұр, тәулігіне 17 700 тонна мұнай өңделуде, – деді Б.Ерегенов.
Техникалық директордың айтуынша, зауытта тәулігіне 6 200 тонна – бензин, 5 600 тонна – дизель отыны, 1 150 тонна – авиакеросин және 820 тонна сұйытылған газ шығарылады.

Жалпы, зауытта сәуір айының соңына дейін 366 мың тонна мұнай өңдеу жоспарланып отыр. Бұл елдегі жанар-жағармай және сұйытылған газ тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Айта кету керек, соңғы үш күн ішінде өндіріс ошағы ішкі нарыққа 1500 тоннадан астам дизель жөнелтті. Бұл көрсеткіш әзірге Шымкент пен Түркістан облысын қамтып отыр. Зауыт былтыр 6,2 млн тонна мұнай өңдеп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген болатын. Ал сәуір айының соңына дейін 366 мың тонна мұнай өңдеу жоспарлануда. Оның 110,1 мың тоннасы бензин, 114,8 мың тоннасы дизель отыны, 15,1 мың тоннасы сұйытылған мұнай газы, 19,3 мың тоннасы авиаотын, 77,6 мың тоннасы мазут. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ел Президенті Қасым — Жомарт Тоқаев зауыттың өндірістік қуатын арттырып, мұнай өңдеу көлемін жылына 12 млн тоннаға дейін жеткізуді міндеттеген болатын.

Previous Post

Түркістандық кәсіпкердің суармалы жер учаскесіне заңсыз тыйым салынған

Next Post

Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі