13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР ЕҢ КӨП ЖҮГІНГЕН ТОП — 5 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРІ АНЫҚТАЛДЫ

11 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТІКТЕР ЕҢ КӨП ЖҮГІНГЕН ТОП — 5 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРІ АНЫҚТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жыл басынан бері ең көп сұратылған мемлекеттік қызметтердің рейтингін жасады.
Үшінші мегаполисте жыл басынан бері халық арасында ең көп сұранысқа ие қызметтің бірі – автокөлікті қайта тіркеу қызметі болып анықталды. Алдын ала есептеулер бойынша, шымкенттіктер 59 мың көлікті қайта тіркеген.

Ал екінші орында – электронды цифрлық қолтаңба беру қызметі. Жыл басынан Шымкент ХҚО – ларында 44 мыңнан астам ЭЦҚ берілген.

Үшінші орынға жеке куәлік пен паспорт беру қызметі жайғасты. Аталған құжаттарды 42 мыңнан астам азамат жаңартқан.

Жүргізуші куәлігін алуға немесе ауыстыруға деген ұмтылыс біздің рейтингімізде төртінші орында тұр. Шымкент қаласы мамандандырылған ХҚО-ларына бұл қызметке 37 мың адам жүгініпті.
Соңғы бесінші орында жылжымайтын мүлік иелері: жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметі үшін 18 мыңға жуық адам жүгінген.

Осы ретте, «Азаматтарға арналған үкімет» МК Шымкент қаласы бойынша филиалының алдын ала мәліметтері бойынша ХҚО арқылы жыл басынан бері 300 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік қызметтерді мереке және демалыс күндері, «ХҚО» қосымшасы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, Egovmobile мобильді қосымшасы, сондай-ақ, Kaspi және Halyk Homebank банктік қосымшалары арқылы онлайн алуға мүмкіндік бар.

Previous Post

Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті!

Next Post

АШЫҚТЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ГЕОПОРТАЛ КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі