13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

9 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter
8 сәуірде Шымкент қаласында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам қайтыс болды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тарапынан тергеу жүргізілуде. Аталмыш оқиғаға байланысты Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Мұқтар Қоқанбаев барлық тасымалдаушы компания басшыларымен арнайы жедел жиын өткізді.  Мұхтар Қоқанбаев автобус паркі басшыларына жүргізушілерді қайта аттестаттаудан өткізу қажеттігін айтты. Жауаптылардың сөзінше, оқиғаға себеп болған автобус пен басқа да қоғамдық көліктер толық тексеруден өткен.
Мұхтар Қоқанбаев, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Бұдан кейін тасымалдаушыларға талап қатты күшейтіледі. Осы жерде барлық тасымалдаушы қатысып отыр. Бізде қалада тасымалдаумен айналысатын 10 компания бар. Рейдтік іс-шара ұйымдастырамыз. Кезектен тыс аттестация өткізу керек, шұғыл түрде, барлық жүргізушілерге».
Жиын барысында басқарма тарапынан тасымалдаушы компанияларға аталған оқиға бойынша жүргізушілердің назарына жеткізу, жол жүрісі, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптары мен жүргізушінің міндеттері туралы қосымша және тұрақты түрде нұсқаулықтарды өткізу, жүргізушілер құрамы арасында кезектен тыс аттестациялау шараларын өткізу, тұрақты түрде бағыттардағы желілік бақылауды күшейту тапсырылды.
Сондай-ақ қаза тапқан отбасылардың жақындарына автопарк басшысы тарапынан жаназа шығындарын өтеуге көмек берілетінін атап өтті.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында 77 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікті маршруттарға 877 автобус шығады. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Алдағы уақытта күшейтілген рейдтік жұмыстар атқарылып,компания басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Previous Post

В Шымкенте откроют дорогу на одной из самых оживленных улиц города

Next Post

В Шымкенте начнут производить строительные материалы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі