13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: 40 әскерге шақырылушы Қорғаныс министрлігінің әскери бөліміне қызмет етуге аттанды

8 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент: 40 әскерге шақырылушы Қорғаныс министрлігінің әскери бөліміне қызмет етуге аттанды
Share on FacebookShare on Twitter

Қалалық Оқушылар сарайында Қарулы Күштер қатарына қаланың 40 әскерге шақырылушысынан тұратын бірінші команданы шығарып салу салтанатты рәсімі өтті. Жас жауынгерлер Қонаев гарнизонында орналасқан десанттық-шабуылдау бригадасында әскери мамандық алады.

Әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салуға қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев, Қарулы Күштер ардагерлері мен интернационалист жауынгерлер кеңесінің төрағалары, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың туысқандары қатысты.

Өз сөзінде қаланың қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев әскерге шақырылушыларды өмірлеріндегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтап, барлығына мықты денсаулық пен жауынгерлік даярлықта табыс тіледі.

— Армия — әр жігіттің өміріндегі маңызды кезең. Әрбір ер адам қауіп төнген сәтте өз отбасын, Отанын қорғауға дайын болуы керек. Сіздерге алдағы 12 ай болашақ өмірде де пайдалы болатын маңызды және пайдалы сабақ беретініне толық сенемін. Қызметтеріңіз адал және берекелі болсын, — деді полковник Әбдіғабит Шегебаев.

Құрметті қонақтар мен туыстардан басқа, әскери-патриоттық клубтар мен қаланың «Жас Сарбаз» жастар қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ гарнизонның әскери оркестрі болашақ жауынгерлерге қолдау көрсетуге келді. Олар Оқушылар сарайының тәрбиеленушілерімен бірлесіп концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Айта кетсек, бүгінгі таңда көктемгі шақыру науқаны аясында үшінші мегаполистен 18 бен 27 жас аралығындағы 200-ге жуық ер-азамат ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатарына шақырылды. Жалпы, көктемгі шақыру науқаны үшін Шымкенттен 900-ге жуық жас жігітті әскер қатарына шақыру жоспарланған.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

В ШЫМКЕНТЕ ПОДПИСАНО 14 МЕМОРАНДУМОВ НА 367 МЛРД ТЕНГЕ

Next Post

ШЫМКЕНТ: «ІСКЕР ҚАЛА»: КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАЛДАУ АҚЫСЫНЫҢ 75 % МЕМЛЕКЕТТЕН ТӨЛЕНЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі