Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы 27 көшеге асфальт төселеді. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев брифинг барысында мәлімдеді. Бүгінде Әл-Фараби ауданында ұзындығы 267 шақырымды құрайтын 382 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 234,3 шақырымы асфальт, 28,2 шақырымы тас жол және 4,5 шақырымы топырақ жолды құрайды. 2023 жылы 27 көшеге асфальт төселді. Атап айтқанда:
• «Сәуле» шағын ауданы 195-орамдағы, Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаұлы, Атауы жоқ №1 көшелері;
• «Сәуле» шағын ауданы Женістін 50 жылдығы №1,2, Жастар, Жабаев, Жаңабазар тұйықтары мен Маркакөл, Ақсемсер, Мұратбаев көшелері;
• «Сәуле» шағын ауданы 275-орамдағы, Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш, Баянауыл көшелері;
• Орталық аумақта А.Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесінің тұйығы мен Иляев көшесінің кіре беріс аумағы, Ш.Қалдаяқов көшесінен «Хадиша» бала-бақшасына дейін, М.Сапарбаев көшесі, «МЖК» ш/а. В.Терешкова мен Қамал тұйығы, Терешкова өткелі және Красноярский, Бекетті көшесі;
• Ескі қала шағын ауданы, Милицейский, Қызыл әскер, Құлантау көшелері. Сонымен қатар, 2022 жылы шалғай елді мекенде орналасқан 34 көшеге 15,3 шақырым шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде «Береке» шағын ауданы 195 орамдағы 6 көше, 275 орамдағы 16 көшеге, 276 орамдағы 12 көшеге шағал тас төселді.
Аудан аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үйлер 543 аулаға біріктірілген. 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары орындалып тұрғындар игілігіне берілді. Ал, 2023 жылы 39 балалар ойын алаңшасы орнатылып, аудан аумағы 100% қамтылатын болады. 2024 жылдан бастап бұрыңғы 7-8 жыл қолданыста болған және ескірген 101 аулаларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, элементтерін жаңарту жұмыстары жүргізіледі.