13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ

7 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТІКТЕР ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттіктер елі үшін кеудесін оққа тосып, қайтпас қайсарлығын көрсеткен жауынгерлерді еске алды. Бүгін Тәжік-Ауған шекарасындағы қанды оқиғаға — 28 жыл. 1995 жылдың 7 сәуірінде жат жерде интернационалдық борышын өтеп жүрген 17 қазақстандық сарбаздың өмірі қиылған еді. Ерлікпен қаза тапқан батырларды еске алу мақсатында ҚР Ұлттық Ұланы осы күнді «Ерлік күні» деп жариялаған болатын.

Абай саябағына жиналған Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлім командирлері, қоғам бірлестіктері және ардагерлер ерлікпен қаза тапқан азаматтардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Еске салсақ, 1995 жыл Тәжік-Ауған шекарысында болған соғысқа еліміздің Ішкі әскерлердің жетінші құрама ротасы көмекке барған болатын. Олар ТМД елдерінің шекараларын сыртқы жаудан қорғап, өзіне атқарылған міндетті өтеу үшін барлығына дайын болды. 5 сағаттық кескілескен шайқаста 33 жауынгер жараланып, 17-сі ажал құшты. 1993-1999 жылдар аралығанда ішкі әскердің 2 мыңнан астам сарбазы тәжік-ауған шекарасын күзетуге қатысты. Тау шатқалдарының бірінде 7-сәуір күні болған қарулы қақтығыста 17 қандасымыз қаза тауып, 33-і ауыр жараланды. Қазақ жауынгерлерінің ерлігі еленіп, 2007 жылы Душанбеде арнайы монумент орнатылған еді. Ал елімізде мұндай ескерткіш бұған дейін Астана мен Петропавл қалаларында қойылған.

Сондықтан бұл батырлардың есімі әрдайым ел есінде. Жиналғандар ержүрек ұлдарды 1 минут үнсіздікпен еске алып, Құран бағышталды. Еске алуға келген әскерилер елге оралмаған қызметтестеріне құрмет көрсетуді өз борышы деп санайды.

Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа 8,5 мың қазақстандық сарбаз қатысып, өздерінің интернационалдық және жауынгерлік борыштарын адал атқарды. Жиында бейбітшілік жолында ерлік танытқан жауынгерлерге тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды.

Шымкентте қазір барлық деңгейдегі әскери ардагерлер «Ауған соғысы», «Тәжік-Ауған қақтығысы», «Таулы Қарабах», «Чернобль апаты», «Семей сынақ полигонына қатысқан ардагерлер» «Желтоқсан қатысушылары» және еліміздің қарулы күштері мен шекара қызметінің ардагерлері бір қоғамдық бірлестікке жұмылып, жастарды Отанын қорғауға үгіттейтін, насихаттық іс-шараларды бірлесе атқарып келеді.

Previous Post

Шымкентте сұйытылған газ тапшылығын болдырмау бойынша жедел шаралар қабылданып жатыр

Next Post

ШЫМКЕНТ: Мұрат Әйтенов қайтарымсыз грант алған кәсіпорындардың жұмысымен танысты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі