13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖҮРЕККЕ ЖАСАЛАТЫН ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТАЛАР САНЫ АРТҚАН

5 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ЖҮРЕККЕ ЖАСАЛАТЫН ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТАЛАР САНЫ АРТҚАН
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Адам капиталын дамытуға қатысты мәселе – Денсаулық сақтау жүйесінің тиімді болуы. Еліміздегі медицина инфрақұрылымын жақсарту қажет. Оның жай-күйіне қатысты түйткілдер аз емес. Мемлекет соның бәрін біртіндеп шешіп жатыр.

«Денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыл-аймақта 600-ден астам нысан салу жоспарланған. Жұмыстың бәрі уақтылы әрі сапалы жасалуы керек. Бұл – өте маңызды» – деген болатын Мемлекет басшысы. Бүгінде медициналық мекемелерге барынша жағдай жасалуда. Жоғары технологиялы құрал жабдықтармен жабдықталған ауруханаларға сапалы оталар жасалуда.

Шымкент қаласындағы «Жүрек» орталығында жылдан жылға жоғары технологиялық оталар саны артуда. Былтыр емдеу орталығында 555 науқастың жүрегіне ашық түрде ота жасалған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 100 адамға артық. Сондай-ақ былтыр тамыз айында кардиология бағыты бойынша медициналық ұйымда ахуалдық орталық ашылған. Орталық кардиология саласындағы мамандандырылған қызметтердің жұмысына жедел мониторинг жүргізіп, емдеу жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл бағытта 44 амбулатория мен 3 ауруханада кардиологиялық кабинеттер ашылды. Осыған дейін мұнда созылмалы жүрек аурына шалдыққан 8 науқасқа LVAC аппаратын орнату операциясы жасалған. Бұрын мұндай опрерациялар Астана қаласында жасалатын.

Дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында аталмыш орталықта түрлі семинарлар, шеберлік сағаттары өткізіліп тұрады. Жуырда ғана жүрек орталығында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы Басқарма төрағасының орынбасары, дәрігер-кардиохирург Е.М.Қуатбаев мықты косметикалық әсері бар және пациенттерді емдеуге жатқызу кезеңін азайтатын митральды қақпақшаға (MICS) миниинвазивті торакоскопиялық операциялар бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

TAVI деген атпен белгілі эндоваскулярлық әдіспен аорта қақпағын орнату бойынша кезекті шеберлік сабағы өтті.
,

Previous Post

Абай ауданы 2024 жылы 100% көгілдір отынмен қамтылады

Next Post

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «ҚАЛАНЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛДЫРУ КЕРЕК»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі