13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Түркістаннан Нұр-Сұлтан қаласына ауыл шаруашылығы өнімдері жол тартты

2 сентября, 2020
in Экономика
0
Түркістаннан Нұр-Сұлтан қаласына ауыл шаруашылығы өнімдері жол тартты
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыл шаруашылық өнімдерінің керуені жол тартты. Өңіріміздің шаруалары алдағы сенбі-жексенбі күндері аралығында «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында азық-түлік жәрмеңкесін өткізеді.
Облыс әкімдігінің мұрындық болуымен өткізілген жәрмеңкеге 447,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жөнелтілді. Атап айтқанда, азық-түлік тиелген 34 жүк көлігінде 267,7 тонна көкөніс, бақша, картоп, 29,5 тонна жеміс-жидектер, 72 тонна ет және ет өнімдері, 47,5 тонна сүт өнімдері, 10 тонна балық, 6 тонна әсел, 14,5 тонна жеміс шырыны мен консерві өнімдері бар. Бұл тауарлар елордалықтарға нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен бағада сатылатын болады. Мәселен, негізгі өнімдер ретінде сиыр етінің келісі 1700-1800 теңге, қауын-қарбыз 75-100 теңге, көкөніс өнімдерінің бағасы 100-150 теңге болып бекітілген.
Биылғы жылы агроқұрылымдарға барынша мемлекеттік қолдау көрсетілді. Атап айтқанда: нарықтағы бағамен салыстырғанда 20 теңгеге арзандатылған бағамен көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 37,0 мың тонна, күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 39,2 мың тонна жанармай бөлінді.
Облыстың табиғи климаттық ерекшелігіне орай, ерте пісетін бақша, көкөніс, картоп өнімдерін жинау қарқынды түрде жүргізілуде. Алдын ала жасалынған есеп бойынша биыл 2,8 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерін жинау күтіліп отыр. Бүгінгі күнге 2,4 млн. тонна жиналды.
Айта кетейік, осы азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтермеу және шаруаларға қолдау көрсету мақсатында Мемлекет Басшысының тапсырмасымен «Егіс алаңынан – сауда қатарына дейін» пилоттық жобасы басталды. Жобаны жүзеге асыру үшін Үкімет резервінен 1 млрд. теңге қаржы бөлінді.

 

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Бөлім басшысы тағайындалды

Next Post

Тоқаевтың жолдауында ұйықтап қалған шенеунік шын мәнінде кім?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі