13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: 8 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

4 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: 8 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үйдің 40 пайызы ескірген. Тұрғындардың түйткілді мәселесі бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында оң шешімін тауып келеді». Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев мәлімдеді.

— 2011-2021 жылдары аралығында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауданда жалпы 141 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, өткен жылы 9 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеуден өтті. Биыл 8 көп қабатты тұрғын үйдің шатыры, кіреберіс алаңы, жертөлесі және қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, — деді аудан әкімі.

Әл-Фараби ауданы шаһардың орталық аудандарының бірі болғандықтан тұрғындардың табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,9 пайызды құрап отыр. 2022 жылы «Ақтас-2» елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, абоненттерге қосылу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мердігер мекеме 195-орамынында «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілді. 276-орамынында мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың І-жартыжылдығында аяқталу жоспарлануда.

Ал, ауыз су мәселесіне келсек, Сәуле шағынауданы Жаңабазар көшесінде қалып кеткен 40-тан астам үйге 2022 жылы «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан ауыз су құбыры тартылып, пайдалануға берілген. Бүгінде аудан тұрғындарының ауыз су жүйесімен қамтылуы — 100 пайыз.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданы тұрғындарынан балалар ойын алаңын салуға ұсыныстар көптеп түскен. Бұл мәселе 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында оң шешімін тапқан. Өткен жылы 50 тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілсе, биыл 39 ойын алаңшасы орнатылмақ.

Previous Post

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «ҚАЛАНЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛДЫРУ КЕРЕК»

Next Post

ШЫМКЕНТ: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АБАЙ АУДАНЫНДА 6 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі