Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 наурыздағы №213-VII Заңына Мемлекет басшысы қол қоюына байланысты, салық заңнамасының негізгі өзгертулері бойынша хабарлайды.
Салық кодексінің 242-бабы жаңа 3-2-тармақпен толықтырылды (Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), ол бөлшек салықтың АСР-ін қолданатын тұлғалардан сатып алу бойынша шығыстардың сомаларын КТС бойынша шегерімдерге жатқызу Салық кодексінің 242-бабының ережелері сақталған кезде электрондық нысандағы шот-фактура немесе деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегі және (немесе) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының сәйкестендіру нөмірін қамтитын арнайы мобильді қосымшаның чегі негізінде жүргізілетінін көздейді;
Салық кодексінің 412-бабының 1-тармағы (Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілердің шегерімдерді растауы үшін пайдалану мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының талабы бойынша шот-фактуралар жазу міндетін көздейтін жаңа 12) тармақшамен толықтырылды;
Салық кодексінің 412-бабы 13-тармағы 1) тармақшасының төртінші жаңа абзацы (Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) сатып алушыға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осындай сатып алушының сәйкестендіру нөмірін қамтитын арнайы мобильдік қосымшаның чегін ұсынған жағдайда бөлшек салықтың АСР-ін қолданатын салық төлеушілердің шот-фактураны жазып беру жөніндегі талапты орындау қажеттілігін жояды;
Салық кодексі 77-2-тараумен толықтырылды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
бөлшек салықтың АСР салық төлеушілері:
— салық кезеңі үшін қызметшілердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайтын;
— күнтізбелік жылдағы табысы айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын (2023 жылы – шамамен 2 млрд. теңге);
— осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асыратындар қолдануға құқылы.
Құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде бөлшек салықтың АСР қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар бөлшек салықтың АСР қолдануға құқылы емес.
Бөлшек салықтың АСР қолдану кезінде КТС/ЖТС ставкілері:
— 4% Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) барлық кірістер бойынша. Бұл ретте жергілікті өкілді органдардың бөлшек салық ставкасының мөлшерін 50% — ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуге құқығы бар. Ставкі мөлшерін төмендету туралы шешімді, ол енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей жергілікті өкілетті орган қабылдайды.
Бұл ретте 2023 жылға арналған ставкі мөлшерін төмендету туралы шешімді жергілікті өкілетті орган ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдауы тиіс («Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-17-бабына сәйкес уақытша норма).
— 8% кәсіпкерлік субъектілеріне тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістері бойынша, шығыстарға шегерімдер сомасын құжаттамалық растау қажет болған жағдайда (сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып, электрондық шот-фактура жазып немесе чек бере отырып). Бұл ставкінің мөлшерін төмендетуге жатпайды.