13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: СЕССИЯДА 2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

3 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: СЕССИЯДА 2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясына қатысты. Күн тәртібінде мегаполисті дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды. 2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті нақтыланып, қаржы көлемі алғаш рет 613 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің басым бөлігі қаланың өзекті мәселелерін шешуге, халықты тұрғын үймен қамтуға және инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады. Сондай-ақ бүгінгі басқосуда жергілікті бюджеттен жалақысы төмен азаматтық қызметшілерге үстемеақы төлеу шешімі қабылданды.

«Бюджеттің басым бөлігі қаланың өзекті мәселелерін шешуге, халықты тұрғын үймен қамтуға және инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады. Сондай-ақ бүгінгі басқосуда жергілікті бюджеттен жалақысы төмен азаматтық қызметшілерге үстемақы төлеу шешімі қабылданды. Бөлінген қаражат пен межеленген жоспарлар қала тұрғындарының табысын арттырып, өмір сапасын жақсартуға бағытталатын болады»,- деді Мұрат Әйтенов.

Шымкентте жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымда жұмыс істейтін қызметкерлерге үстемақы төленеді. Бұл туралы сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясында талқыланды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев 70 мың теңге көлемінде айлық алатын азаматтарға бұл қаржы жеткіліксіз екенін айтады. Сондықтан жалақыға қосымша үстемақы төлеуді ұсынып отыр.

Сонымен қатар, сессия отырысында жергілікті тұрғындардың пікірін негізінде 139 көше, 13 білім беру ұйымы мен кітапханаға атау беру бойынша Үкімет жанындағы ономастикалық комиссияға ұсыныс енгізу туралы бірлескен шешім қабылданды.

Қала аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және сұрыптауға арналған қызметтерді көрсету тарифі бекітілді. Бөлінген қаражат пен межеленген жоспарлар қала халқының табысын арттырып, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясында жалпы күн тәртібіндегі 8 мәселе қаралды. Қала халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, шешім қабылданды. Жалпы сессия отырысына 32 депутат қатысты, оның үшеуі онлайн режимде дауыс берді.

Previous Post

Шымкент: Подростков из социально уязвимых слоев населения бесплатно обучают основам бизнеса

Next Post

Центр раннего вмешательства «Қамқорлық» открыли в Шымкенте

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі