13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

3 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент Сити шағын ауданы мен Сырым батыр көшесі аралығын қамтитын Өтегенов көшесінің 1-кезеңінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанда болып, жұмыс барысын қадағалады. Мұнда қазір абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Шағал тас төсеу, ирригациялық жүйелер жүргізу, тротуар орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды.

«Жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстарын тездетіңіздер. Құрылысты сапалы, өндірістік кестеге сай жүргізіп, нысанды желтоқсанда тапсырыңыздар» — деді қала әкімі.
Екінші кезеңде Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр, Төлеметов көшелерін қамтиды. Қазір жол негізі салынып, асфальт жабындысы төселуде. Сондай-ақ бригадалар жүргіншілер жолы мен суағарларды орнатуда.

Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер.
Былтырғы жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. Ал, биыл 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құраса, биыл оны 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Жалпы, қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Биылғы жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда.

Еске салсақ, Шымкент қаласы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегі бойынша, 2022 жылдың соңында асфальтбетон жамылғысы бар және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67,4 пайызға жеткен. Жоғарыда баяндалған жұмыстарды атқарудың нәтижесінде бұл көрсеткішті 72 пайызға, ал, 2025 жылға қарай 85 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Осының бәрі жергілікті биліктің тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында атқарып жатқан жұмыстары деп бағалауға болады.

Previous Post

Аким Шымкента поручил сдать здание конгресс-холла в срок

Next Post

Шымкент: Подростков из социально уязвимых слоев населения бесплатно обучают основам бизнеса

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі