13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Санитариялық талаптарды сақтамаған Сайрамдағы дәмханаға айыппұл салынды

3 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Санитариялық талаптарды сақтамаған Сайрамдағы дәмханаға айыппұл салынды
Share on FacebookShare on Twitter

16- наурыз күні әлеуметтік желілерде санитариялық талаптарды сақтамаған дәмханалардың біріне қатысты видео тарап, көпшілік арасында резонанс тудырған болатын. Видео авторы қоғамдық тамақтану орнының Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы «Минутка» дәмханасы екендігін айтқан. Аталған жағдай бойынша Сайрам аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан 27- 31 наурыз аралығында арыз негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде дәмханада жуу жинау, және дезинфекция жұмыстарының сапасыз жүргізілгендігі, тамақтану залындағы желдету жүйесінің жалюзді торларының жуылмағандығы, шайындыларды микробиологиялық зерттеу нәтижесінде 20 сынамадан 2 ішек таяқшалар тобының бактериясы анықталған. Сондай-ақ, тағам дайындауда пайдаланатын ет және ет өнімдері, макорон, ұн, өсімдік майының сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болмаған. 2023 жылдың 17- сәуіріне дейінгі уақытта өрескел бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы ұйғарым беріліп, жеке кәсіпкерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бап 1-бөлігіне сәйкес, 230 АЕК (793 500теңге) айыппұл салынды. Жоғарыда көрсетілген ұйғарым талаптары мерзімінде орындалмаған жағдайда материал сотқа жолданады.

Previous Post

Уникальный и раритетный аппарат в Шымкенте помогает спасать жизни

Next Post

ШЫМКЕНТ: СОЛТҮСТІК САЯЖАЙ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі