13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Праймеризге ең көп үміткер Түркістан облысында тіркелді

1 сентября, 2020
in Қоғам
0
Праймеризге ең көп үміткер Түркістан облысында тіркелді
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде «Nur Otan» партиясының праймеризіне үміткерлерді тіркеу аяқталды. Түркістан облысында да үміткерлерді тіркеу кезеңі жоғары деңгейде өткізілді. Өңірде жалпы 1144 үміткер тіркелді.
Оның ішінде әйелдер – 388 (33,9%), 35 жасқа дейінгі жастар – 341 (29,8%). Саяси додада 25 (2,2%) көпбалалы ана қатысуды жөн көрсе, ерекше қажеттіліктері бар 5 (0,4%) үміткер және шетелден оралған 5 қандасымыз (0,4%) құжат өткізген.
Ең көп үміткер тіркелген аудандарға тоқталсақ, Түркістан қаласында 106, Сарыағаш ауданында 104 және Қазығұрт ауданында 93 адам праймеризге жіберілді. Жетісай ауданы мен Кентау қаласында да үміткер қарасы қалың.
Бастауыш партия ұйымдары арқылы тіркелгендер саны – 212, ал өзін-өзі ұсынғандар саны – 932. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, үміткерлердің 147-сі кәсіпкерлік саласының өкілдері болса, білім беру саласынан 108 азамат тіркелген. Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері атынан 75 өтінім қабылданса, медицина саласынан 42 үміткер бақ сынауды жөн көрген.
7 қыркүйекте үгіт-насихат кезеңі басталады. Дебаттар, кездесулер ұйымдастырылады. Дауыс беруге арналған 209 орын әзірленген. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы бұл саяси додаға жоғары деңгейде дайындық жүргізді. Жалпы Түркістан облысында партияның 80 мыңнан астам мүшесі бар. Праймериз арқылы үздіктер анықталып, олар Парламентке және жергілікті мәслихаттарға ұсынылады.

Tags: 13kz13кз
Previous Post

Шымкентте қыз ұзату жасаған той иесі жауапқа тартылды

Next Post

Мәжіліс төрағасының жаттыққан сәтінен видео пайда болды (видео)

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі