13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкенттегі Абай Құнанбаев мектебі жаңа оқу жылын Ұлы ақынның өлеңдерін оқудан бастады

1 сентября, 2020
in Білім
0
Шымкенттегі Абай Құнанбаев мектебі жаңа оқу жылын Ұлы ақынның өлеңдерін оқудан бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №90 мектеп-гимназиясына» Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы тұлғаның есімі берілді. Білім күні қарсаңында дәл осы білім ордасына 350- ден аса оқушы қадам басты. Мектеп директоры Арман Шынбайұлы барлық оқушылардың алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі. Алғашқы қоңырау шарасы барлық санитарлық талаптарға сәйкес өткізіліп, бастауыш кезекші сыныптар мен ұстаздар жаңа оқу жылына кірісті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай – рухани реформатор» атты мақаласында “Біз аса күрделі кезеңді бастан өткерудеміз. Осындай сәтте бір-бірімізге қол ұшын беріп, өзара мәміле мен ынтымағымызды арттыра түсу аса маңызды. Кемеңгердің де жан-жүрегімен тілегені жұртының амандығы мен ұлтының тұтастығы еді. Сондықтан бүгінгідей қиын шақта Абай мұрасына жүгіну өте өзекті болып отыр”, – деп атап өткен еді. Үшінші мегаполисте жаңа оқу жылының қарсаңында Абай Құнанбаев есімін иеленген дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясының оқушылары жиынды ұлы ақынның өлеңдерін оқудан бастады.

Шымкентте білім саласы «ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында өңірлік бағдарламамен жұмыс жүргізуде.
Шаһарда білім саласының ағымдағы жағдайына талдау жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламада белгіленген нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.
Алғашқы қоңырау рәсіміне онлайн түрде қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа оқу жылында оқушыларға сәттілік тіледі.

Шара соңында осы мектептің шәкірті, талантты жас әнші,бірнеше ән байқауларының жеңімпазы Өмірбай Сағын мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, әннен шашу шашты.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент әкімі оқушыларды онлайн режимде құттықтады

Next Post

Түркістан облысында есірткі сатумен айналысқан күдіктілер ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі