13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 12 ТУРИСТІК ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

15 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 12 ТУРИСТІК ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Климаты мен географиялық орналасуы қолайлы болып табылатын үшінші мегаполисте биыл 12 жаңа туристік нысан ашылады. Бұл әлеуеті жоғары Шымкент қаласының аймақтағы ірі туристік орталықтардың бірі ретінде қалыптасуына септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашады.
Туризм саласындағы бұл инвестициялық жобалар — «Diamond Hotel», «Barsa», «Таукехан Plaza», «Cosmopolitan Hotel», «7Jol» сияқты жайлы қонақ үйлер мен демалыс кешендері бой көтеріп, іске қосылады. Жобаларды жүзеге асыру құны 9 млрд теңгені құрайды. 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Өткен жылы қаламызда «Пана», «Дора», «Grand Villa Hotel», «Wind hotel», «Big rooms», «Graf» қонақ үйлері сынды 6 жоба жүзеге асырылып, 145 адам жұмыспен қамтылған болатын.
Бұл жұмыстар қаламыздағы орта және шағын бизнестің өркендеуіне оң әсер етіп, тұрақты табыс көзі мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы бүгінде 4 бағыт бойынша жұмыс істейді. Оның біріншісі – туризмді дамыту. Екінші – маркетингті ілгерілету, үшінші бағыт – сыртқы байланыстар және ең соңғысы – креативті индустрия. Шымкент 8 елдің 10 қаласымен бауырластық қарым-қатынас орнатқан. Олар: Худжанд, Могилев, Байинь, Стивенэйдж, Измир, Паттайя, Ахарнон, Гросетто, Эскишехир және Адана қалалары. Бұл қалалармен бауырластық Шымкенттің іскерлік әлеуетінің артуына да зор септігін тигізіп отыр. Қазіргі таңда Қытай елінің Сиань қаласымен ынтымақтастықты нығайтып, бауырластық қарым-қатынас орнату жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сиань қаласы – Шэньси провинциясының астанасы. Ол географиялық жағынан Қытайдың орталығында орналасқан. 2020 жылғы санақ бойынша халқының саны 12,95 миллион адам болған. Қаланың жалпы ішкі өнімі жыл сайын 5,2% өсіммен 150 миллиард доллардан асқан. Осындай экономикасы дамыған қалалармен бауырластық қатынас орнату өз кезегінде экономиканың түрлі салаларында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Шымқаланың туристік әлеуетін насихаттап, шаһар экономикасына көбірек инвестиция тарту үшін биыл бірнеше елдерде роуд-шоу ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жуырда еліміздегі Татарстан Республикасының өкілетті өкілімен, Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулы және Түркия елінің инвесторларымен кездесу ұйымдастырылды.

Previous Post

В Шымкенте контроль за присвоением инвалидности будет усилен

Next Post

ШЫМКЕНТ: ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі