13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Елбасы маңызды жиын өткізді

28 августа, 2020
in Билік
0
Елбасы маңызды жиын өткізді
Share on FacebookShare on Twitter

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті, деп хабарлайды 13kz.kz elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Басқосуда Бюро мүшелері «Nur Otan» партиясының 7 серпіні – Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» атты партия жұмысын қайта жандандыру бағдарламасын жүзеге асыру барысын және партияның ішкі іріктеуін өткізу мәселесін талқылады. Елбасы жиында сөйлеген сөзінде қазіргі уақытта праймеризге қоғам тарапынан зор қызығушылық бар екенін атап өтті.  — «Жұртшылық елдің қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысқысы келеді. Біз партияны қайта жандандырудың дұрыс бағытын таңдадық. Еліміздің мәселелерін бірлесіп шешу үшін ашық диалогты қамтамасыз ету қажет. Праймериздің міндеті – халықтық партиялық тізімдерді қалыптастыру, қоғам қолдауына ие, нақты жағдайды білетін беделді көшбасшыларды, белсенді адамдарды бәсекелестік негізінде іріктеу», – деді тұңғыш президент.  «Nur Otan» партиясының төрағасы праймеризге қатысушылар жергілікті жерлерде өткір мәселелерді ашық көтеруі және кемшіліктерді анықтап, нақты шешімдер ұсынуы керек екенін атап өтті.  — «Біз өз өңірін және елімізді дамытуға дайын барлық азаматтар үшін «әлеуметтік лифт» қалыптастырдық. Қыркүйек айында жергілікті бағдарламалардың барлық 216 жобасы жарияланады. Кең көлемдегі талқылаулар біздің электоралдық міндеттерімізді халықтың сұраныстарымен және қажеттіліктерімен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Бесжылдық мерзімге арналған бағдарламалар жұртшылықтың пікірін ескере отырып жетілдіріледі, әр ауданның, қаланың және облыстың бюджеттік мүмкіндіктерімен байланыстырылады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  Елбасы партияның ішкі іріктеуінің келесі кезеңдерін жүзеге асыру үшін ұйымдастыру жұмыстарын сапалы өткізудің маңыздылығына назар аударды.  — «Праймериз барлық қатысушылар үшін әділ, ашық және тең жағдайда ұйымдастырылуы керек. Партияның ішкі үгіт-насихаты қыркүйекте басталады. Коронавирус індеті жағдайын ескере отырып, оны Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарына сәйкес орындау керек. Барынша қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет. Ең бастысы – азаматтардың денсаулығы», – деді тұңғыш президент.  Сөз соңында Елбасы «Nur Otan» партиясының қоғамды жұмылдырудағы және елдің одан әрі дамуын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.  — «Партия қазақстандықтарды, барлық сындарлы және саналы қоғамдық күштерді топтастыруы керек. Біз бірліктің арқасында кез келген қиындықтан өте аламыз. Әсіресе, еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтау үшін үйлесімді жұмыс істеген жөн», – деді Елбасы.  Сондай-ақ отырыс барысында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің және Бюро мүшесі, премьер-министр Асқар Маминнің баяндамасы тыңдалды.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан облысында онлайн режимде оқытатын ұстаздар 100 пайыз компьютермен қамтылған

Next Post

Шымкент әкімі оқушыларды онлайн режимде құттықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі