13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ДҮБІРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАР ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛАДЫ

30 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ ДҮБІРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАР ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы спорт және бұқаралық спортты дамытуда толағай табыстарға қол жеткізіп келеді. Осы бағытта спорттың материалдық-техникалық базасын нығайтуда жүйелі жұмыстар қолға алынған. Биыл халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған 3 спорттық нысан ашылады деп жоспарланған. Жыл басынан бері екі нысан ашылып, пайдалануға берілді.

Солардың бірі – үстел теннисі спорт кешені. Құрылысты «Отау Строй» компаниясы жүргізді, нысанның жалпы аумағы 2 мың шаршы метрді алып жатыр. Жобаның жалпы құны – 1,2 млрд. теңге. Мамандандырылған залда 12 үстел қарастырылған және тек аймақта ғана емес, республика көлеміндегі теннисшілер жарыстарға дайындалып, оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, турнирлер ұйымдастыра алады. Шаһарда үстел теннисімен жалпы 2000-ға жуық спортшы шұғылданады екен.

Ел игілігіне берілген спорттық нысанның тағы бірі – жаңа атшабар. Ипподромда еліміздегі ең үлкен бәйге алаңы бар. Аумағында 1 500 көрерменге арналған трибуна, ат аренасы бар манеждер, жабық стенд ғимараты, ветеринарлық блок, 300-ден астам көлікке арналған тұрақ қарастырылған. Трибунаның жоғары қабатында ашық терраса бар. Ұзындығы 2012 метр жарыс жолы салынған. Көкпарға, атпен секіруге арналған алаңдар кварцты құмдармен, табиғи тастармен безендірілген. Әлемдік стандарттарға сай салынған жаңа иипподром мегаполистегі халықаралық спорт және ойын-сауық жарыстары өтетін орындардың біріне айналып отыр.

Жобадағы үшінші нысан «Металлург» стадионы. Қазіргі таңда стадионның реконструкциялау жұмыстары аяқталуға таяу. Жоба құны – 3 813,5 млн. теңге. Жаңартылған нысанда спортшылар үйі, ойын түрлеріне арналған 2 спорт зал, жекпе-жек спорт түрлеріне арналған 2 спорт зал, 1504 орындықты футбол стадионы қарастырылған.

Previous Post

«Қарапайым заттар экономикасы»: Кәсіпкерлерге берілетін несиеге шектеу жоқ

Next Post

«Е-ҚЫЗМЕТ» АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖАҢА РӘСІМІ «АДАМИ ФАКТОРДЫҢ» ӘСЕРІН ЖОЯДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі