13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте конституция күні қарсаңында тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

28 августа, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкентте конституция күні қарсаңында тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдық мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында «Премьера» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған кешен бес қабатты екі тұрғын үйден тұрады. Онда жалпы 80 пәтер бар.

Ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа қоныс берекесі мен ырысы мол үлкен ордаға айналуын тілеп, қала тұрғындарын Конституция күнімен құттықтады.

«Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Мәселен, өткен жылы тек «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 298 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, осы жылы 104 үй пайдалануға беріліп, 5800 отбасы жаңа пәтерге ие болады»,- деді қала әкімі.

«Премьера» тұрғын үй кешені «Нұртас» шағын ауданында орналасқан. Керамикалық кірпіштен салынған тұрғын үй кешенінің қасбетін әрлеуге травертин қолданылған. Бұл өз кезегінде кешенге классикалық көрініс береді.

Нысан «Бәйтерек ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының бақылауымен салынды. Құрылыс кезінде 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған.

Мұндағы пәтерлерді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның барлық бағдарламалары және «7-20-25» арқылы сатып алуға болады.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент әкімнің қабылдауына келген азаматтардың мәселесі шешімін табуда

Next Post

Түркістан облысында онлайн режимде оқытатын ұстаздар 100 пайыз компьютермен қамтылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі