13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Мұрат Әйтенов жол қозғалысына кедергі жасайтын ретсіз сауданы жоюды тапсырды

30 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Мұрат Әйтенов жол қозғалысына кедергі жасайтын ретсіз сауданы жоюды тапсырды
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жол қауіпсіздігін жақсарту бойынша арнайы жиын өткізіп, осы бағытта атқарылған жұмыстарды пысықтады. Басқосуда Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Е.Абдраманов пен Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев баяндама жасап, қала аумағындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде атқарылып жатқан жұмыстарды толығымен таныстырды.

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол кептелістері жиі орын алатын уақыттар мен орындар күнделікті зерделенуде. Бүгінде 100 көшенің қиылысына 877, 200 көшенің бойына жол ережесін бұзған автокөліктерді автоматты түрде тіркейтін 800 бейне бақылау қондырғылары орнатылған. Бақылау жүйелері жол бойындағы қауіпсіздікті күшейтіп, апатты азайтуға септігін тигізуде.
Қала әкімі осы бағыттағы жұмыстармен, өзекті мәселелермен жіті танысып, жауаптыларға қауіпсіздікті күшейту мақсатында нақты тапсырмалар берді.

“Екі апта ішінде қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 5 жылдық жоспар әзірлеңіздер. Бұл мақсатқа қаралатын қаржыны нақтылап, басым бағыттарды анықтау қажет. Полиция департаменті өкілдері мен аудан әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып, мәселелерді жан-жақты пысықтап, бекітілген мерзімде кешенді жоспардың таныстырылымын жасаңыздар” – деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Сондай-ақ Мұрат Дүйсенбекұлы жол қозғалысына кедергі жасайтын ретсіз сауданы жойып, жолдарды кеңейту бойынша ұсыныстар дайындауды ескертті. Сауда орындары аумағындағы жол қозғалысын реттеуді, жаяу жүргіншілер жиі өтетін өтпелдерге бағдаршам орнатуды, жол белгілерін көруге кедергі жасайтын жасыл желектерді ретке келтіруді тапсырды.

Айта кетейік, жасанды жол кедергілері әлеуметтік маңызы жоғары емхана, мектеп, балабақша секілді мекемелердің аумағына орнатылады.

Сондай-ақ, 2023 жылы қажеттілігі бар аймақтарға 15 бағдаршам орнату жоспарлануда. Қала көшелеріне жалпы 400 шақырым жол таңбалары сызылып, 3500 жол белгілері орнату жоспарлануда.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ БИЗНЕС ИДЕЯСЫН НАҒЫЗ ЖОБАҒА АЙНАЛДЫРҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Next Post

«Қарапайым заттар экономикасы»: Кәсіпкерлерге берілетін несиеге шектеу жоқ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі