13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

30 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының VIII шақырылған мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Жаңа депутаттық корпусқа 32 депутат сайланып отыр. Оның ішінде 16 депутат бір мандатты округ арқылы сайланған болса, партиялық тізім бойынша «Amаnat» партиясынан – 11 депутат, «Ақ жол» партиясынан – 3 депутат және «Ауыл» партиясынан 2 депутат сайланды.

Сессияда Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев хабарлама жасап, депутаттарға куәліктері мен төсбелгілерін табыстады. Жаңадан сайланған депутаттарды қала әкімі Мұрат Әйтенов құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов депуттарды ел сеніміне ие болуымын құттықтап, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. «Алдымызда атқаратын ауқымды жұмыстар тұр. Қазіргі жаһандану процессінде көштің соңында қалмас үшін жылдам және ұтқыр шешімдер қабылдай білуіміз қажет. Біз әрқашан да халық үнімен санасып, қаланың стратегиялық құжаттарын, бюджетті қалыптастыру, нормативтік құжаттарды бекіту барысында ел мүддесін бірінші кезекке қойып келеміз. Қаламыздың әлеуметтік экономикалық жағдайы Үкіметтің қолдауымен тұрақты дамып келеді. Алда атқарылатын нақты міндеттерді өздеріңізбен бірлесе жүзеге асыратынымызға сенімдімін» — деді қала әкімі. Сессияда тұрақты комиссияларды құру мен оның тiзбесi, құрамы белгіленіп, алдағы жоспарлар бекітілді. Қаладан Парламент Мәжілісіне бір мандатты округ бойынша 2 депутат және қала мәслихатына 16 депутат сайланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мәслихат төрағасы лауазымына Бахадыр Нарымбетов ұсынылып, шешім бірауыздан қабылданды. Осыдан кейін Шымкент қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру, олардың құрамын бекіту және тұрақты комиссиялардың төрағаларын сайлау туралы шешімдер қабылданды.

Осылайша, бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағалығына – Альбина Елшиева, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия төрағалығына Дариякүл Қожамжарова, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағалығына Шыңғыс Қозбахов, кәсіпкерлікті дамыту және цифрландыру жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағалығына Айжан Наимбекова, жергілікті өзін-өзі басқару және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағалығына Мерлан Керімжанов, инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағалығына Ноян Төлегенов сайланды.

Previous Post

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ ӨНІМДЕРІН ЖӘРМЕҢКЕДЕ ҰСЫНДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ БИЗНЕС ИДЕЯСЫН НАҒЫЗ ЖОБАҒА АЙНАЛДЫРҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі