13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қызылша ауруының қауіпі жоғары

29 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
Қызылша ауруының қауіпі жоғары
Share on FacebookShare on Twitter

 

Түркістан облысында наурыз айының өзінде   қызылша аурушаңдығынан  15 күдікті  жағдай тіркелді. Оның 13-і зертханалық дәлелденген. Соңғы жұма күні түскен 2 науқасқа қатысты  зерттеу қорытындылары жұмыс үстінде.  Қызылша ауруына шалдыққандардың барлығы дерлік балалар арасында,  тіркелген жағдайлар Түркістан қаласы мен Сауран ауданының тұрғындары. Тек  біреуі ересек адам.   Науқас балалар қызылшаға қарсы вакцина алмаған.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі эпидемияның алдын алу үшін қызылшаға қарсы екпе алмаған өңір тұрғындарын вакцина алуға шақырады. 17 жасқа дейінгі бала қандай да бір себептермен егілмеген болса, қызылша ауруының алдын алу үшін екпе алу қажет. Вакцина алу үшін жергілікті емханаларға, дәрігерлерге жүгінуі қажет. Екпе алу тегін. Қызылша ауруы асқынған жағдайда бронхопневмонияға, лимфа түйіндерінің қабынуы, ларингит (тамақ ауруларының асқынуына) -энцефалитке (мидың қабынуы) әкелуі мүмкін. Науқаспен байланыста болған, қызылшаға қарсы вакцинаны алмаған адам және  жасы отызға толмаған азаматқа  ҚР ДСМ 2021 жылғы №13 бұйрығына сәйкес қызылшаға қарсы екпе салынады.       Эпидемияның алдын алу, және оны болдырмау үшін  білім ошақтары мен балабақшаларда да  санитариялық-эпидемиологиялық шараларды (қызылшаға қарсы қарсы екпе алу, бөлмені жиі желдету, ылғалды тазалау жұмыстарын жасау, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік және бөртпе сияқты аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанда дәрігерге қаралу, халық көп шоғырланған орындарда маска киіп жүру  ұсынылады)  күшейтіп, сақтық шараларын ұстанған абзал. Қызылша ауруы  — көбіне балалар арасында жиі кездесетін,  ауа-тамшы жолдары арқылы тарайтын инфекция. Күз-көктем мезгілдері эпидемиялық маусымдары болып саналады.  Адамнан адамға жұғуы өте жоғары. Аурудың жасырын кезеңі 7-21 күнді  құрайды.Науқаспен байланыста болғаннан кейін, суық тиюдің белгілеріне ұқсас симптомдармен біліне бастайды.

Вирус сыртқы ортаға төзімді болмағандықтан ауру ошақтарында дезинфекция шаралары жүргізілмейді.

Б. Елемесов

Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары  

Tags: 13kz13kz.kz13кзСанитариялық-эпидемиологиялық бақылауСЭСТүркістан облысықызылша
Previous Post

ШЫМКЕНТ: «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ»: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫМЕН ЖЕТІ СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

Next Post

Түркістан облысында мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын бұзу деректері азайған

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі