Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 03.04.2023 жылдан бастап салық төлеушінің төлем құжаттарында БСН/ЖСН және КНП түзету бойынша өзгеріс енгізілетініне назар аударады.
Осыған байланысты, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 03.04.2023 жылдан бастап салық төлеушінің БСН/ЖСН және КНП өзгерту мүмкіндігіне тосқауыл қою бөлігінде ТБОА АЖ жаңартуды жүргізеді, демек, салық төлеушінің БСН/ЖСН (Салық бұйрықтарын орындау шеңберінде жеке тұлғаның салық берешегінің сомаларын аударатын жеке сот орындаушысы, салық төлеушінің БСН / ЖСН-ні өзгерту, Салық төлеушінің БСН / ЖСН-ні банк шотынан борышкердің салық берешегі өндіріп алынған дебитордың құрылымдық бөлімшесі және т.б.) қолжетімсіз болады.
Салық төлеушілердің дербес шоттарына төлемдердің дұрыс таратылмауын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 жылғы №208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын салық төлеушілердің төлем құжаттарында БСН/ЖСН, оның ішінде төлем тағайындауда көрсетуінің дұрыстығы бөлігінде сақтау қажет.
Заңды тұлғаның бюджетке төленетін төлемдерді, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, өзінің жеке бөлімшесі үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуі кезінде осы Қағидаларға сәйкес «төлем мақсаты» бағанында мынадай ретпен көрсетіледі БСН және міндеттемелері бойынша төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесінің атауы, Төлемнің мақсаты.
Көлік құралына салық төлеген кезде (оның ішінде электрондық терминалдар арқылы) «төлем мақсаты» бағанында мынадай ретпен «VIN», көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/V» таңбалары, төлем мақсаты көрсетіледі.
Сот орындаушысы борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді атқарушылық іс жүргізу шеңберінде төлеген кезде «төлем мақсаты» деген бағанда төлем жүзеге асырылатын борышкердің ЖСН, оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не төлемнің тегі мен аты-жөні, мақсаты мынадай ретпен көрсетіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлдарды төлеу кезінде «төлем мақсаты» бағанында мынадай ретпен «ADM», әкімшілік материалдың сәйкестендіру нөмірі, «/A» таңбалары, төлем мақсаты көрсетіледі.
Бұл ретте төлем тапсырмасының «төлем мақсаты» жолында көрсетілген салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша дербес шоттарға төлемдерді автоматты түрде тарату осы жолақта бір БСН/ЖСН көрсетілген кезде өзгеріссіз жүзеге асырылатын болады.
«Төлем мақсаты» жолында бірнеше салық төлеушілердің БСН/ЖСН көрсетілген кезде тарату «ақша жөнелтуші»бойынша жүргізіледі.