Бүгін Түркістан облысы, Созақ ауданындағы N 892 сайлау учаскесіне 100 жастағы әже Ұрхан Аймұхамедқызы келіп, Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарын таңдау сайлауында өз таңдауын жасады.
— Елдің ертеңі үшін тұрғындардың әрбір дауысы маңызды. Міне, мен бүгін өз таңдауымды жасадым. Саяси науқаннан шет қалмадым. Ел аман, жұрт тыныш болсын,– деп ақ батасын берді.