Сайрам ауданына қарасты Арыс ауылдық округіндегі №547 сайлау учаскенде сайлау құқығына ие болған егіз қыздар алғаш рет сайлауға қатысып, өз дауыстарын берді. Жас сайлаушыларға сайлау учаскесінің төрағасы атынан кітап сыйға тартылды.
Сондай-ақ, Сайрам ауданында үйде дауыс беру жұмыстары жалғасуда. Оның ішәнде зейнеткерлер, мүгедектер мен сайлау учаскесіне келіп дауыс бере алмайтын азаматтар өз таңдауларын жасауда.
Сайрам ауданында 11 округ бойынша 89 сайлау учаскесі орналасқан. Жалпы сайлаушылар саны 134239 адамды құрайды. Оның ішінде ең көп сайлаушылар Қарабұлақ ауылдық округінде тіркелген. Нақты айтқанда, 15 сайлау учаскесінде 29640 адам Барлық сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 07.00-де бастап жүргізуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі