https://youtu.be/NcQauOMKNx0
Арыс қаласында жарылыстан зардап шеккен тұрғындар, әлі күнге дейін әкімдіктің табалдырығын тоздыруда. Көп балалы ана Нұржамал Амиржанова бір жылдан асса да үйінің құжатына қол жеткізе алмай бас қатыруда.Снарядттан күл талқаны шыққан баспанасы сүріліп қайта салынған екен. Бұл үшін мемлекеттен миллиондар бөлінсе де, Атырау облысы жасаған жұмыстың сапасы сын көтермейтінін дәлелдеп көрсетуде.
Нұржамал Амиржанова
Арыс қаласы, Көктем мөлтек ауданының тұрғыны
Осындай қылып тастап кеткен линолеумдарын жыртық-жыртық жалғау-жалғау қылып. Айтсақ бізге ұрсады олар, сендерде қанағат деген жоқ, салып беріп жатырмыз үйлеріңізді деп. Қысымен ит болдық қой. Әкімдікке барсақ документіміз дайын емес біздің.Звандасақ келген жоқ дейді, жылдан асып кетті ғой. Бұлар маған қол қойдырған да жоқ там бітті деген. Қолыңа сенің зәру емеспін деді ғой Нұрай деген компаниядағы бала. Маған житкий пол құйып берем деген, оны жасаған жоқ.
Уәдені орындамай кеткен компаниямен арада талай рет келіспеушіліктер болған екен. Үй егесі тастап кеткен есіктерінің тұтқасы жоқ, әрі жарамсыз болғандықтан далаға шығарып қойған.
Нұржамал Амиржанова
Арыс қаласы, Көктем мөлтек ауданының тұрғыны
Әкімшіліктен бір кісі келіп біздің жағдаймызды сұраған жоқ қой. Мен анау времянкада отырдым кішкентай бес бала шағаммен осылардың өзбектерін бағып. Біреуі келіп әкімшіліктен келіп бір жақсы сөздерін айтқанын естіген жоқпын.
Арыстағы апатқа бір жылдан астам уақыт өтсе де халықтың арыз шағымы таусылар емес. Бірі үймізді сапасыз етіп соқты десе, енді бірі құрылысты жарты жолдан тастап тайып тұрды дейді. Құрылыс материалдарын қолымызға ұстатып кетті деп ашуланып жатқандары қаншама.
Гүлбану Қонысова
Арыс қаласы, Стадион мөлтек ауданының тұрғыны
Ертең мына үй құлап қалса бала-шағалардан обал асырап отырған. Істеп берген балкасын төбесінен екі жаққа тартты да кетті ертең оның құлап қалмасына кім кепіл береді? Төбесімен ауысытырып берсе, қазір құлай қоймас деп сеніп отыратын. Әшейін тартты да кетті оның құламасына кім кепіл береді?Әр жарылыс болған сайын мына там көтеріліп түседі орнынан.
Жергілікті билік өкілдері халықтың наразылығы негізсіз деп санайды. Өйткені арызданып жатқандардың басым бөлігі ақау актілеріне ешқандай шағымымыз жоқ деп қол қойып қойған.
Мұрат Қадырбек
Арыс қаласының әкімі
Әрбір үй бойынша жеке қарау керек. Өйткені құжатын алып қарайтын болсақ сол үйдің иесінің қолхаты шығады мен осынша шиферды қабылдап алдым және жұмыс күшіне осынша ақша алдым деген қағаз шығады.
Тұрғындардың айтуынша құрылыс компаниясының өкілдері қол қойдырып алған соң жұмыстарын аяқтамай кетіп қалған. Жұрт бар кінәміз құжатпен толық таныспағанымызда деп отыр.
Гүлбану Қонысова
Арыс қаласы, Стадион мөлтек ауданының тұрғыны
Адамгершілік танытып қол қойып бердік шынымызды айтсақ. Оның бұлай істелінбей кететін білсек біз қол қоймас едік. Одан кейін келген жоқ. Нұр Отанға барсақ, сіздердің секторларыңыз келмейді істеп бермейміз деп айтты деді.
Арыс қаласы, Стадион мөлтек ауданының тұрғыны
Папама келді да қол қойдырып алды. Өзіміз соңына дейін оқыған жоқпыз оны. Қол қойып бере салдық. До конца бітірген жоқ. Қалды міне сырттың бәрі жарылып.
Арыс қаласы, Стадион мөлтек ауданының тұрғыны
Қол қойып беріңіз дейді. Қол қоймасаңыз біз ана жаққа тапсыра алмаймыз дейді. Қорқып тұрған қарапайым халықпыз, қол қойып бергенбіз, сонымен жоқ. Үйіме келді, оқыдым. Бер дедім қағазыңды. Сонда менің үйімді полына дейін краскленген деп жазылған, ондай ешнәрсе болған жоқ.
Динара Баубишова
Арыс қаласы, Стадион мөлтек ауданының тұрғыны
Бізге үйдің шығынына деп қол қойдырған жоқ. Малдан шығын жоқ па, адамнан, снаряд түскен жоқ па деп сондай шығынға қол қойдырған. Ал ең соңында әкеліп үйдің дефектный актының қолы деп шықты. Сол күйі ешнәрсе істелінген жоқ.
Кенжегүл Дерісбекова
Арыс қаласы, Стадион мөлтек ауданының тұрғыны
12 секторға кірігізген де жоқ. Қол қойып қойғансыз барыңыз-барыңыз деп шығарып салды. Сосын акиматқа да прокуратураға да жаздым мен. Бар кінәмыз қол қойғанымыз болып тұр.
Ал қала әкімі тұрғындардың бұл уәжімен мүлдем келіспейді.
Мұрат Қадырбек
Арыс қаласының әкімі
Сол жерде шошып тұрдық, қорқып тұрдық, сасқалақтап қалдық, түсінбей қалдық деген әңгіме олда шындыққа онша жанаспайды. Өйткені құрылыс жұмыстары өздеріңіз білесіздер былтыр алты айға дейін созылды, алты айға дейін жөндеу жұмыстары жүргізілді сондықтан да ол бірінші күні қол қойдырылған жоқ ол нәрсеге.
Мүгедек отағасының жағдайына алаңдаған әже, баспанамды жөндеп бер деп әкімдікке талай рет барыпты. Арыз да жазған. Алайда айтылған сөзді елеген ешкім болмады деп отыр.
Мейрамкүл Қарашолақова
Арыс қаласы, Стадион мөлтек ауданының тұрғыны
Жасап бер деп неше бардым ғой, әкімнің өзі де келді. Арызда жаздым, Нұр Отанға жаздым арызды. Арызға ответ келді, біздің бар істегеніміз осы, біз басқа ешнәрсе істей алмаймыз деді. Қол қойып қойғансың дейді ғой. Оны біз аман-есен оралып, аман қалғанымызға қуанып отырдық қой. Кейін байқап жатырмыз ғой жан жақтың жарылғанын, сынғанын.
Ресми мәлімет бойынша Арыс қаласы бойынша 7384 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген.Оның 477-сі жаңадан салыныпты.
Мұрат Қадырбек
Арыс қаласының әкім
Төтенше жағдайдан зардап шегіп міндеттеме алған үйлердің барлығын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп бердік. Жүз пайыз тапсырдық.
Райгүл Еділбекова
Арыс қаласы, Наурыз елді мекенінің тұрғыны
Жүз пайыз біткен жоқ.Келіп Наурызды көрсін. Жамап-жамап кетті.
Қойып бергені мынау. Терезең сынды, есігің сынды деді. Оның біреуі де кеткен жоқ. Ал бірақ бәрі трещина. Жамаумен отырмыз сөздің ашығы.
Арыстағы Стадион мөлтек ауданының тұрғындары апаттан зардап шеккен баспаналарымыз осы күнге дейін жөнделмеген деп шыр-пыр болуда. Үйлердің қабырғалары жарылған, шатырлары шұрық тесік, тіпті кейбір баспаналар өмір сүруге қауіпті дейді халық.
Эльмира Балғабаева
Арыс қаласы, Стадион мөлтек ауданының тұрғыны
Әскери бөлімнен бір кісі келіп күнде қол қойдырып кетеді ананы мынаны істеу керек деп бірақ нәтиже жоқ. Барлық көршілеріміз жиналып арыздандық, қол қойдық. Нұр Отанға бардық ешқандай нәтиже шыққан жоқ.
Манияр Омаров
Арыс қаласы, Стадион мөлтек ауданының тұрғыны
Екі үйдің де трещинасын бәрін көрді. Комиссия келіп бәрін істеп береміз деді шиферін бәрін сол күйі исчез болды жоқ. Таппай қалдық қой.
Әкімдік өкілдері наразы топты сабырға шақырды. Сөйтіп қайта тізім жазғызып қолдарын қойдырды. Яғни аты-жөні жазылғандардың мәселесін қайта қараймыз деп уәде берді. Тұрғындардың шағымын тыңдауға келген жауаптылар, өзінің саласына қатысты қойылған сұраққа камера алдында жауап бере алмады.
Ғани Садықов
Арыс қаласы құрылыс бөлімінің бас маманы
Точно цифрамен керек па сізге? Жарайды қазір мен информация алайын мен сөйтіп қосымша жауап беремін.
Апаттан зардап шегіп, қиналған сәтте тиісті көмек сұрағандар естімеген сөзіміз қалмады деп қапа болып отыр.
Динара Сапарова
Арыс қаласы, Стадион мөлтек ауданының тұрғыны
Нұр Отанға да бардық арыз жаздық, секторға қанша бардық қайда барсаңда ол жаққа барыңдар қолдарыңнан келгенін істеңдер хоть Президентті шақырыңдар біз ешқандай көмек бере алмаймыз деді.
Бұл үйдің сырты бүтін, шатыры да жаңаланған. Ал ішіне кірсең топырағы көтеріліп жатыр. Жалғыз басты ана қыстың ызғарлы суығында бүрсең қағып осы баспанада отырған. Бастапқыда үйді келіп көргендер, баспананың сүрілетінін де айтыпты.
Дәне Нұрлыбаева
Арыс қаласы, Хлопком елді мекен тұрғыны
Штабтағылар, әкімшіліктегілер, стройкідегі фирманың адамдары көріп-көріп бәрі снос деген басында кейін капитальный ремонт деді ақыр аяғында осылай бітпей қалып кетті. Қыстап шықтық мынада.
Алматы облысына жүктелген жұмыстың аяқсыз қалып кеткені Дәне Нұрлыбаеваның жанына қатты батып отыр. Фундаменті үгітілген ішкі қабырға, бір күні құлап кетіп, үстімізді басып қалама деп қорқады.
Дәне Нұрлыбаева
Арыс қаласы, Хлопком елді мекенінің тұрғыны
Терезені де ауыстырмаған. Бесеудің орнына үшеу, темір есік сыртқа қойылған жоқ. Қисық-қисық. Ашсақ жаба алмаймыз, жапсақ аша алмаймыз. Сырты әдемі болғанымен іші құлайын деп тұр. Мына қабырға құлайды, мен сіздерге гарантия беремін.
Жалғыз басты ананың мәселесін Арыс қаласының әкімінен сұрағанымызда, ол нақты кім туралы айтылып жатқанын есіне түсіре алмады.
Мұрат Қадырбек
Арыс қаласының әкімі
Ол үй есімде жоқ қазір, барып көретін болсақ айтайын.
Бір жылдан астам уақыт өтседе баспанасын бүтіндей алмай сандалған зейнеткер жергілікті биліктен көңілі әбден қалған. Міне осылайша алаңдаумен күнін өткізген жалғыз басты ана елеусіз қалып кеткеніне қапалы. Жанашыр адам табылмаса биыл қыста тағы да суық үйде жаурайтын болдым деп жәутеңдеп қалды.