13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Арыста «Жас сарбаз-2023» әскери-спорттық жастар ойындары өтті

3 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Арыста «Жас сарбаз-2023» әскери-спорттық жастар ойындары өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, болашақ Отан қорғаушылардың қолданбалы спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру, жасөспірімдердің өзара көмек және жолдастық қолдау сезімдерін тәрбиелеу шеңберінде қалалық мәдениет үйінде «Жас сарбаз-2023» іріктеу әскери-патриоттық жарыстарының финалдық кезеңі өтті

Финалда Арыс қаласы мен жақын маңдағы елді мекендердің жалпы білім беретін мекемелерінің 6 командасы кездесті. Олар 14 мен 21 ақпан аралығында 24 команда қатысқан іріктеу жарыстарының жеңімпаздары.

Жарыс саптық байқау мен командаларды таныстырудан басталды. Әрі қарай қатысушылар автоматты уақытқа шашу мен жинақтау, жалпы әскери қорғаныс киімін кию нормативтерін орындауда, гір тасын көтеру мен арқан тартуда жарысты. Ұлдар – белтемірде тартылса, қыздар – шалқалап жатып денесін көтеру сынды жаттығуларын жасады. Сайысукерлер өздерінің дене даярлығынан басқа саптық әндерді орындау арқылы өздерінің вокалдық қабілеттерін көрсетті.

Әскери-спорттық ойындарды ұйымдастырушылар атап өткендей, қатысушылар жақсы дене даярлығы мен армиялық ептіліктен басқа, рухтылығын, мектеп қабырғасында үйренген әскери тәртіптің жоғары деңгейін, нағыз жауынгерге тән мінез көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы орта мектептің «Тұран» командасы үздік атанды, ал екінші және үшінші орынды А.Макаренко және М.Шаханов атындағы жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларынан құралған «Жас ұлан» және «Айбын» командалары бөлісті. Жеңімпаздар командасына Арыс қаласы әкімінің арнайы кубогы табысталды, ал финалға қатысушылардың барлығы арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетсек, жыл сайынғы «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында Арыс қаласының командалары соңғы бірнеше жыл қатарынан жүлделі орындарға ие болған, ал 2022 жылы Түркістан облысының атынан қатысқан Жас сарбаздар «Патриоттар мекені» арнайы кубогын жеңіп алды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзАрыс ауданыЖас сарбазТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан облысында агрессивті балалардың саны артқан

Next Post

Түркістан: "AMANAT" партиясының белсендісі "Мен жастарға сенемін" челленджін қолдады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі