13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Кентауда сайлауды ұйымдастыруға арналған оқыту семинары өтті

1 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Кентауда сайлауды ұйымдастыруға арналған оқыту семинары өтті
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттарының кезектен тыс сайлауына  дайындық және өткізу барысы бойынша Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішев және сайлау комиссиясының мүшесі Данияр Оразымбетов Кентау қаласында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қалалық аумақтық сайлау комиссиясының барлық мүшелері, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты. Оқыту семинарында 19 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу ережелері, саяси партиялар мен кандидаттардың қатысуын қаржылық қамтамасыз ету мәселелері айтылды. Сондай-ақ, сайлауалды үгіт жұмыстары, дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері, учаскелік сайлау комиссияларының сайлау өтетін күнгі заң талаптарына сәйкес атқаратын жұмыстарының алгоритмі түсіндірілді. Сонымен қатар, сайлау комиссиясы мүшелері мен байқаушылар, сенімді өкілдердің міндеттері мен жауапкершіліктері баяндалды. Семинарға қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға тиянақты жауаптар берілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзСайлауТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан облысында сайлауға дайындық сараланды

Next Post

КӘСІПОДАҚТАР – ӘДІЛЕТТІЛІК ҮШІН!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі