13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Түркістан: Әлем чемпионы праймеризге қатысады

19 августа, 2020
in Cаясат
0
Түркістан: Әлем чемпионы праймеризге қатысады
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздің түкпір-түкпірінде «Nur Otan» партиясының праймеризі өтіп жатыр. Түркістан облысында да үміткерлердің, әсіресе, жастардың белсенділігі жоғары. Солардың бірі – армрестлинг спортынан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Қыдырғали Оңғарбаев.

Жұмыр жер бетінде қарсылас шыдатпай жүрген қазақтың қайсар азаматы бүгін «Nur Otan» партиясының Шардара аудандық филиалына келіп, праймеризге құжат тапсырды. Шардараның шарболат ұлы, қазақтың көк туын желбіретіп жүрген жас өрен қоғамдық-саяси өмірге де белсенді араласып, өңірдің өзекті проблемаларын шешуге үлес қосқысы келеді. Әлем чемпионы жастарды қолдау және спорт саласын дамытуға басымдық бермек. Сайлауалды бағдарламасын жақында жариялап, көпшілікке таныстырмақ.

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуды жөн көрдім. Биыл қоғамның барлық өкілдеріне үлкен мүмкіндік ұсынылып отыр. Мақсат – билікке ұмтылу емес, елдік мәселелерді шешуге үлес қосу. Елдің көкейінде жүрген түйткілдерді назарда ұстап, сенімді ақтауға күш саламын», — дейді Қыдырғали.

Қыдырғали Оңғарбаев – даңқты бапкер Арман Қарсыбаевтың шәкірті. Ауыр салмақта Қазақстан мен Азияның абсолютті жеңімпазы, Әлем кубогының иегері және әлем чемпионы. Жұмыр жер планетасының ең үздік қол күрес шеберлері жиналатын «ТОП-8» турниріне шақырту алып, алғашқы кездеулерінде жеңіске жеткен сайыпқыран үлкен спорттағы жеңісті жолын да жалғастырады.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзНұрОтанТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Қазақстан коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайын ба?

Next Post

Туркестан: Чемпион мира примет участие в праймеризе

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі