13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 6 мың тоннадан астам тауарлы балық өсіру көзделіп отыр

27 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында 6 мың тоннадан астам тауарлы балық өсіру көзделіп отыр
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев хабарлады.

Басқарма басшысының айтуынша, 2021-2030 жылдарға арналған «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітілген. Бағдарламаға сәйкес, 2030 жылға дейін, тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланған. 2022 жылы 6199,85 тонна тауарлы балық өндіріліп, жоспар 101,4 пайызға орындалған. Осы ретте облыс әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында аудан, қалаларда 2023-2025 жылдары жаңадан балық шаруашылықтарын ашу, іске асыру жоспары бекітілді.

– 2023 жылға бекітілген 6640 тонна тауарлы балық өндіру бойынша аудан, қала әкімдіктері кесіндісінде жоспар жасалып, орындау үшін жолданды. Бүгінде аталған жоспарларды орындау бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл облыс аумағынан жаңадан 5 балық шаруашылығы және жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Түркістан ӘКК» АҚ арқылы осы салаға жеңілдетілген несие беру жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта несие алуға 14 кәсіпкерден 5 млрд 400 млн теңгеге болжамды ұсыныстар түсті. Балық шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, саланы дамыту үшін инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде, – деді Қайрат Амангелдіұлы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзбалық өсіруТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан облысында 600 мыңнан аса көшет егіледі

Next Post

В Туркестанской области будет высажено более 600 тысяч сажанцев

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі