13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Қарлығаш» балабақшасы Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасады

21 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
«Қарлығаш» балабақшасы Шымкент қаласының   мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасады
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылғы 22-23 ақпанда «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері» форматындағы іс-шаралар шеңберінде «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері делегация құрамында Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарын аралайды.

22 ақпанда Шымкент қаласы білім басқармасының мемлекеттік арнаулы (коррекциялық) (тірек-қозғалыс функциялары ауыр және жеңіл бұзылған балаларға арналған) №17 «Достық» балабақшасының және мемлекеттік арнаулы (коррекциялық) (психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған) №37 «Айгерім» балабақшасының және «Bambini-Монтессори» бөбекжай балабақшасының жұмысымен танысады.

23 ақпан күні №56 «Тұлпар» мемлекеттік бөбекжай бақшасында дөңгелек үстел өтеді деп жоспарланған. Оған «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері және Шымкент қаласының  мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері қатысады.  Дөңгелек үстел аясында «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева балабақшаның атқаратын қызметі, оқытудың инновациялық әдістері, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталады. «Қарлығаш» балабақшасының №1 нысанының меңгерушісі Нұрғайша Сағиджанова мен стратегиялық дамыту және инновациялар секторының меңгерушісі Құралай Түсіпова  шеберлік сағатын өткізіп, «Қарлығаш» балабақшасының инновациялық әдіс-тәсілдерімен, тәрбиені ұйымдастыруда қолданылатын тиімді тәжірибелермен бөлісетін болады.

Өңірлердің мектепке дейінгі ұйымдарымен кездесудің басты мақсаты – «Қарлығаш» балабақшасында қолданылатын инновациялық методикалармен таныстыру, озық педагогикалық тәжірибемен бөлісу.

«Қарлығаш» балабақшасы ағымдағы жылы осы форматтағы іс-шаралар тізбегін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері шеңберінде еліміздің өзге де өңірлерінде өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентҚазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы
Previous Post

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Next Post

Шымкентте аналар байқауы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі