13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: «Табысты отбасы» жобасының түлектері кәсібін ашуға құрал-жабдықтар алды

20 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан: «Табысты отбасы» жобасының түлектері кәсібін ашуға құрал-жабдықтар алды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысында «Табысты отбасы» жобасының түлектері сертификаттар алып, жабдықтар жиынтығы түрінде гранттар алды.
Бағдарлама «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен іске асырылуда.
Қатысушылар «SMM», «Бьюти индустрия», «Тігін ісі» және «Автоэлектрик» бағыттары аясында кешенді оқудан өтті. Салтанатты шараға облыс әкімдігі және «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілдері, бизнес-тренерлер арнайы қатысып, «Табысты отбасы» жобасына қатысушыларды құттықтады.
«Сіздерге отбасылық табысты арттыруға тамаша мүмкіндік туып отыр. Өйткені жұмыс істеуге және жақсы табыс табуға қажетті білім мен жабдықтарды алдыңыздар. Барлық түлектерге табыс тілеймін, сіздердің жетістіктеріңіз — біз үшін ең үлкен марапат», — деп құттықтады жоба авторы Айжани Нұрланова.
Қатысушылар сертификаттан бөлек өз ісін дамыту үшін қажетті – ноутбуктер, мультимарка сканерлерін, тігін машиналарын, жиһаздарды тегін алды.
Айта кетерлігі, жобаның бұл екінші кезеңінде 43 облыс тұрғыны грантқа қол жеткізген. Бірінші кезеңде Түркістан облысы бойынша 27 қатысушы қажетті білімді игеріп, грант алған. Алдағы уақытта да «Табысты отбасы» жобасы жалғасады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Табысты отбасы»Түркістан облысы
Previous Post

Шымкенттіктер мемлекеттік қызметтерді «ХҚО» мобильдік қасымшасынан ала алады

Next Post

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі