13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайлау оң өзгерістерге жол ашпақ

17 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Сайлау оң өзгерістерге жол ашпақ
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде 19 наурызда аса маңызды саяси науқан болғалы тұр. Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен мәслихат депутаттарын сайлау қатар өтпек. Бұл билік басына, саясат сахнасына електен өтіп, халықтың қажетіне жарайтын жандардың баруына ықпал етеді.

Бұл — сайлау еліміздің кемел келешегі жолындағы аса маңызды саяси науқан. Жаңғырудың жаңа үрдісі. Жаңарудың алғашқы баспалдағының бірі болмақ. Соңғы уақытта мемлекетіміздегі оң өзгерістер халықтың билікке деген сенімін арттыра түсті. Ал, ендігі сайлау халық сенімін нығайта түспек. Сайлауда Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізіммен, 30 пайызы бір мандаттық жүйемен сайланады. Сондай-ақ, облыстық маслихат депутаттарының 50 пайызы партиялық тізім бойынша, 50 пайызы бір мандаттық жүйе тәртібімен сайланып, ауылдық және қалалық мәслихаттарының депуттары бір маңдаттық жүйе бойынша сайланатын болып бекітілді.

Сонымен қатар, саяси партиялардың тіркеуден өту тәртібі жеңілдетілгенін айта кету керек. Олардың сайлау қорытындысымен Мәжіліске өту шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендеді. Депутаттық мандаттардың 30 пайызын әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға беру заңмен белгіленді.

Енді мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Бұған сіз де өз үлесіңізді дауыс беру арқылы қоса аласыз. Ел болашағына бей-жай қарамай ұлтжанды, білімі мен білігі қатар ұштасқан, ел арасында беделі бар, жанашыр болашақ халық қалаулыларына сайлауда баршаңызды дауыс беруге шақырған болар едім. Ел болашағы үшін саяси науқанда дауыс беру — әрбіріміздің азаматтық борышымыз!

Орынбек ҚАСЫМБЕКОВ,

журналист

Tags: 13kz13kz.kz13кзМәжіліс депутаттары
Previous Post

РЕФЕРЕНДУМ-ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІКТІ БІР МҮДДЕГЕ ЖҰМЫЛДЫРМАҚ!

Next Post

Жаңарған сайлау жүйесі - әділдік пен ашықтыққа ұмтылыс

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі