13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ботулизм ауруының алдын алу

17 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Ботулизм ауруының алдын алу
Share on FacebookShare on Twitter

Облысымызда соңғы көрсеткіштер бойынша ботулизм аурушаңдығының тіркелуі біршама артқан. 2023 жылдың басынан Кентау қаласында 2 адамның ботулизммен ауырғандығы тіркелді. Сонымен қатар Сауран ауданында ботулизм күдікті жағдайымен 3 адам зардап шегіп, ауруханада ем алуда. Біздің мамандар тарапынан ошақтарда тиісті шаралар атқарып, зертханаға алынған сынама талдауларының нәтижелері күтілуде.
Өткен жылы облыс бойынша ботулизм ауруынан 6 жағдай тіркеліп, 12 адам ауырған, 1 науқас (Жетісай ауданында) қайтыс болған. Тіркелген ботулизм аурушаңдығы үй жағдайында консервіленіп дайындалған көкөніс тұздалған өнімдерді тұтынудан болған.
Ботулизм-бұл тағамнан уланудың ең ауыр түрі. Көбінесе үй жағдайында дайындау технологиясы дұрыс жасалмаған консервіленген банка өнімдерін қияр, қызанақ, баклажан, салаттарды тұтынудан болады. Ең алғаш орталық нерв жүйелерін зақымдап, тіпті уланудың салдары өлімге алып келуі мүмкін.
Әлсіреу, бас айналу, құсу, лоқсу, үстіңгі көз қабағының түсіп кетуі, көздің екі еселеніп көруі, тілдің күрмеліп, жақсы сөйлей алмауы, жүрістің өзгеруі ботулизм ауруының негізгі клиникалық белгілері болып табылады.

Ботулизмнің алдын-алу үшін келесі талаптарды сақтау қажет:
 өнімдерді ағынды судың астында бірнеше рет тазалап жуу;
 банкілерді, қақпақтарды стерилизациялау кезінде аса назар аудару;
 қақпағы көтерілген, түсі бұзылып иісі шыққан банкілерді жедел түрде жою қажет, тіпті дәмін де татуға болмайды.
 үй жағдайында консервіленген салаттар, саңырауқұлақ, қияр, қақталған балық, окорокты т.б. базардағы және көшелердегі сатып жүрген белгісіз адамдардың қолынан сатып алмау керек;
 аурудың белгісі пайда болған жағдайда өнім қалдықтарын тастамай зертханалық бақылау үшін сақтаңыздар.

Н.Нышанов Түркістан облысының СЭБД басшысы

Previous Post

Как вернуть государственную пошлину?

Next Post

Инклюзивті экономика және әлеуметтік саясат. Жолдауда айтылған тұстар бойынша өзгерістер бар ма?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі