13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мемлекеттік бажды қалай қайтаруға болады?

17 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Как вернуть государственную пошлину? 
Share on FacebookShare on Twitter

Заңды маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны үшін, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттарды берумен байланысты бюджетке төленетін төлем Мемлекеттік баж болып табылады.
Мемлекеттік бажды қате төлеген немесе заңды әрекетті жасаудан бас тартқан салық төлеушілер қайтарып алуға болады. Мемлекеттік бажды қайтару Салық кодексімен және ҚР ҚМ бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу қағидаларымен регламенттеледі.
Мемлекеттік баждың төленген сомалары — тиісті уәкілетті мемлекеттік орган электрондық база арқылы немесе қағаз жеткізгіштерде жүзеге асыру үшін мемлекеттік баж төлеу талап етілетін іс-әрекеттерді жасамау фактісін растаған жағдайда, артық төленген деп танылады.
Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын салық төлеуші ұсынған өтініш пен қайтарудың заңдылығын растайтын тиісті мемлекеттік органның құжаты негізінде салық органы қайтарады.
Мемлекеттік баждың қате төленген сомасы аударылған кезде мынадай қателіктердің кез келгені жіберілген сома болып табылады:
1) төлем құжатында салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген; салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген; төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына немесе кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмейді;
2) Екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның салық төлеушінің төлем құжатын қате орындауы;
3) төлем салық төлеуші-ақша жөнелтуші тіркеу есебінде тұрмайтын салық органына жүргізілсе;
4) ақша жөнелтуші салық төлеуші мемлекеттік баж төлеуші болып табылмайды.
Мемлекеттік баждың қате төленген сомасын қайтару қарастырылған:
1) салық төлеушінің салықтық өтініші;
2) Екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтінішіне;
3) қате фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік баждың қате төленген сомасының туындау себептері туралы салық органы жасаған хаттамаға сәйкес.
Салық төлеушінің салықтық өтінішті, екінші деңгейдегі банктің өтініші ұсынылған  күннен бастап мемлекеттік баж бес жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Көрсетілетін Мемлекеттік «Салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізу» қызметті беруші Мемлекеттік корпорация «электрондық Үкімет» веб-порталы www.egov.kz, «eSalyq Azamat» мобильді қосымшасының Салық әмияны арқылы оған қоса растайтың құжат негізінде көрсетіледі.

Previous Post

Мәжіліс сайлауына бақылау жасайтын тағы 7 шетелдік байқаушы тіркелді

Next Post

Как вернуть государственную пошлину?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі