13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: «Respublica» партиясы облыстық филиалынан партиялық тізіммен ұсынылған кандидаттар тіркелді

16 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан: «Respublica» партиясы облыстық филиалынан партиялық тізіммен ұсынылған кандидаттар тіркелді
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылы 14 ақпан күні Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, облыстағы саяси партиялар филиалдары партиялық тізімдермен ұсынған кандидаттар тіркелді.

Жиында партия өкілдеріне арнайы есеп шот ашу, сайлау қорын құру, сенімді өкілдер ұсыну және оларды тіркеп куәліктер беру мәселелері айтылып, түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, әрбір саяси партиялар филиалдары бойынша тізіммен ұсынылған кандидаттардың сайлау заңы талаптарына сәйкестіктері ескерілді.

Комиссия отырысына «Amanat» партиясы, «Ауыл халықтық- демократиялық патриоттық партиясы, «Қазақстанның Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстан Халық» партиясы, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, «Respublica» партиясы облыстық филиалдарының басшылары мен өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушы партия өкілдеріне алдағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын заң талаптары шеңберінде жүргізу және заң бұзушылықтарға жол бермеу керектігі ұсынылды. Саяси партия өкілдері үгіт-насихат жүргізу жұмыстары бойынша қажет болған жағдайда облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен байланыста болатындықтарын жеткізді.

«Respublica» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бекжан Айтқұлов сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары заң талаптары шеңберінде жүзеге асатынын атап өтті.

Tags: 13kz13kz.kz13кз«AMANAT» партиясы«Respublica»
Previous Post

Түркістан: «Amanat» партиясы облыстық филиалынан партиялық тізіммен ұсынылған кандидаттар тіркелді

Next Post

Түркістан: «Ауыл» партиясы облыстық филиалынан партиялық тізіммен ұсынылған кандидаттар тіркелді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі