13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу – басты міндет

14 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу – басты міндет
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34-жыл толады. Бұл орайда Түркістан обылысының барлық аудандарының білім беру мекемелерінде интернационалдық борышын өтеген жауынгерлер мен қазіргі Қарулы күштер қатарында қызмет етіп жүрген офицерлер мен сержанттарның қатысуымен ерлік сабақтары өткізілуде.

Мұндай сабақтар барысында оқушылар, өмірінің өлшеулі бір бөлігін оқ пен оттың астында өткізген майдангер аға буынның жауынгерлік жолымен танысып, алыс елдегі қызмет оларға не үйреткені туралы маңызды мәлімет алады. Ал тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тынымсыз еңбек етіп, ағаларының ізбасары болған жауынгерлер, қазіргі әскердің тыныс тіршілігімен таныстырып, заман талабына сай әскерде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтармен бөліседі.

Осындай өскелең ұрпаққа берер пайдасы мол кездесулердің бірі Төле би ауданына қарасты «Ақбастау» және «М.Әуезов» атындағы  жалпы орта мектептерінің 8-11 сынып оқушылармен өтті.

Кездесуге Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының аға офицері подполковник Берік Әбенов және 10216 әскери бөлім командирінің тәрбие және идиологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Зәкіржан Исаев қатысты.

Қызметтегі офицерлер оқушыларға Қарулы күштеріміздің қатарында қызмет атқару үлкен абырой екендігін түсіндіріп, еліміздегі әскери оқу орындары туралы мағлұматтар берді.

Олар әр азаматтың бойында Отан қорғауға деген ерік жігердің болуы керектігін әңгімелеп, үгіт насихат материалдарын таратты. Оқушылар әскерге қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Шымкентте жауын-шашыннан ойылған жолдарды қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды

Next Post

ОСК «Ақ жолдың» Мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі