13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МӘЖІЛІС САЙЛАУЫ: ОСК ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ТІРКЕДІ

13 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
МӘЖІЛІС САЙЛАУЫ: ОСК ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ТІРКЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халық партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді.

«Қазақстан халық партиясы 52 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Партиялық тізімге әйелдер, жастар және мүгедектігі бар 17 адам енгізілген. Бұл кандидаттардың жалпы санының 32,7 пайызын құрайды. Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», — деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Оның атап өтуінше, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде ОСК шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді.

«Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. 2021 жылы қаңтарда өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауында Қазақстан халқы партиясы сайлаушылар дауысының 9,1 пайызын алған. Осыған байланысты ҚХА сайлау жарнасын төлеуден босатылды», — деді ол.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Қазақстан халқы партиясы қоғамдық бірлестігінен Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы, ҚХА-ның партиялық тізімін тіркеу туралы хаттамаларға қол қойды.

Previous Post

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР САЙЛАУҒА ҚАТЫСА АЛА МА?

Next Post

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі