13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте алғаш рет «Жігерлі жүрек» форумы өтті

10 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте алғаш рет «Жігерлі жүрек» форумы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қаламыздағы «Көрме» орталығында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен алғаш рет «Жігерлі жүрек» атты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың форумы өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның мақсаты – қоғамда еселі еңбегімен еленіп, өнерімен өрге жүзген, қайсарлығымен көзге түскен ерекше жандарды халыққа танытып, қолдау көрсету. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін жетілдіріп, патриоттық сезімін ояту әрі жігерлендіру. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын өңірлерде насихаттау.

Форумның ұйымдастырушысы – «Бір үміт», «Өзіңе сен», «Анаға сағыныш» тәлімдік жобаларымен республикамызға танымал болған Салих Калиев. Талантты жас әнші Салих Калиев «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының мәдениет бағыты бойынша «Жігерлі жүрек» атты жобасымен 1 млн грант иегері атанған.

– Тағдырыма қарай балалар үйінде тәрбиелендім. Денсаулығыма байланысты ерекше жандар қатарында болсам да, мойымай, қазақ еліне қызмет жасағым келеді. Бүгінгі таңда 11 қаланы аралап, қайырымдылық концертімді бердім. Бүгінгі іс-шараның өтуіне қолдау білдірген Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына, «Көрме» орталығына, «Түркістан» сарайының өнерпаздарына алғысым шексіз, – дейді Салих.

Жиынға қоларба биінен Азия чемпионы Е.Қалымбетов, халықаралық жүзуден спорт шебері, белгілі қолөнерші М.Сәрсембаев қонақ ретінде қатысып, өмір жолдарымен бөлісті.

Жиын соңында басқарма тарапынан қатысушыларға алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табысталды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Көрме» орталығыШымкент
Previous Post

Басты мақсат - тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру

Next Post

САЙЛАУ-2023: ПАРТИЯЛАР МӘЖІЛІСКЕ ҚАНША КАНДИДАТ ҰСЫНДЫ?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі