13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік мамандардың тұрғын үй мәселесін шешуде «Qamqor» бағдарламасы іске қосылады

10 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік мамандардың тұрғын үй мәселесін шешуде «Qamqor» бағдарламасы іске қосылады
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Шымкенттік тұрғындардың тұрғын үй мәселесін шешуде «Qamqor» бағдарламасы іске қосылмақ.

Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының  қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік  ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.

Аталған бағдарламаға 63 жасқа дейінгі азаматтар қатысуға мүмкіндік қарастырылған. Бағдарламаны  жүзеге асыру барысында 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін  қолжетімділікке басымдық беріледі.  Тұрғын үйді бастапқы нарықтан немесе қайталама нарықта да үміткерлер өздері тауып сатып ала алады. Қарыздың максималды сомасы 20 млн теңгені құрайды. Кредит бойынша алғашқы жарна- 10%, жылдық мөлшерлеме-5%, одан әрі жылдық 3,8% -ға дейін төмендейді.

«Qamqor» бағдарламасы аясында несиелеу үшін алғашқы транш 3 млрд теңгені құрайды. Аталған қаражат жергілікті атқарушы орган тарапынан бөлінеді. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде өтінімдерді қабылдау және әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қалыптастыруда басты оператор Отбасы Банкі болып табылады.  Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлерді іріктеу барысында  қатысушылардың  некедегі жылдар саны, балалардың болуы, жұмыс өтілі, Шымкентте тіркелу ұзақтығы балдық жүйемен есептеледі.

Айта кету керек,   «Qamqor» бағдарламасына 63 жасқа дейінгі қатысушының және оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы, соңғы 3 жыл ішінде Шымкентте тұрақты тіркеудің болуы тиіс.

Tags: "Qamqor" бағдарламасы13kz13kz.kz13кзТұрғын үйШымкент
Previous Post

Мәдениет саласында 23 қылмыс тіркелген

Next Post

Басты мақсат - тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі