13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: «Ерлік – ұрпақ ұраны» байқауы өз мәресіне жетті

9 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент: «Ерлік – ұрпақ ұраны» байқауы өз мәресіне жетті
Share on FacebookShare on Twitter

«Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру мақсатында Тәжік-Ауған қақтығысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу және жеке құрама атқыштар батальонның шығарылғанына 22 жыл толуына орай, «Жас сарбаз» сынып тәрбиеленушілері арасында «Ерлік – ұрпақ ұраны» атты әскери-спорттық байқауының қалалық кезеңінің қорытынды финалы өткізілді.

Қалалық білім басқармасына қарасты орта  білім беру мекемелерінен 6-9 сыныптар арасынан жиырма бір «Жас Сарбаз» сыныбы ашылған, онда 550-ге жуық оқушы әскери-патриоттық тәрбие алуда.

Осыған орай, аталған іс-шараға аймақтық, аудандық, қалалық кезеңдерінен сүрінбей өткен жүзден жүйрік – мыңнан тұлпар оқушыларымыз өз өнерлерін паш етіп, қалалық финалға білім басқармасына қарасты №7, 24, 64, 68, 89, 99, 103, 127 орта білім беру мекемелерінің жас сарбаз тәрбиеленушілер ақтық сайысқа жолдама алып, бақ сынасты.

Байқауға қатысушылар АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау нормативтерін, пневматикалық винтовкадан дәлдікке ату, дене дайындығы, жалпы әскери қорғаныс құралын кию, берпи мен арқан тарту ұлттық ойыны бойынша күш сынасты.

Сайыс қорытындысы бойынша, гран-при №68 мектебінің оқушыларын бұйырса, жүлделі үш орынды №99 мектеп-гимназиясы, №7 ІТ мектеп-лицейі мен №103 орта мектебінің оқушалыраны бөліп алды.

Жеңімпаздар ұйымдасырушылар қолынан «Тәжік-Ауған ШҚАБ ардагерлері ҚБ байқауының жеңімпазы» атты «Әскери адам» ауыспалы кубогы және статуеткалармен марапатталды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзЕрлік – ұрпақ ұраныШымкент гарнизоны
Previous Post

Салықтық есептілігін тапсыру мерзімі

Next Post

Әскери колледж кадеттері тағылымдамадан өтуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі