13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЕҚЫҰ миссиясы мәжіліс сайлауын байқау жұмысын бастады

8 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
ЕҚЫҰ миссиясы мәжіліс сайлауын байқау жұмысын бастады
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) Қазақстандағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі миссиясының басшысы Оуэн Мерфиді қабылдады. Бұл туралы СІМ хабарлайды.

Миссия басшысының орынбасары Д. Иоанну және сайлау жөніндегі кеңесшісі М. Баркер-Циганикова да қатысқан кездесуде тараптар 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысын талқылады.

Р. Василенко ДИАҚБ-ға миссияны жедел орналастырғаны үшін алғыс білдіріп, қазақстандық тараптың байқаушылардың толық және тиімді жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдай жасауға дайын екенін атап өтті және сондай-ақ сайлауды байқау нәтижелері бойынша сайлаудың науқанына объективті және бейтарап баға беретініне үміт білдірді.

Сонымен қатар ДИАҚБ миссиясының басшысына Әділетті Қазақстанды құру мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар, сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген еліміздің сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесіне өзгерістер туралы хабардар етті.

О. Мерфи сайлауды байқау үдерісінде қазақстандық билік органдарымен сындарлы өзара әрекеттестік жасау ниетін қуаттап, ағымдағы және басқа да осыған ұқсас миссиялардың негізгі мақсаты шақырушы тарапқа сайлау жүйесі мен тәжірибесін одан әрі жетілдіру жөніндегі күш-жігеріне көмектесу екенін атап өтті.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі миссиясы байқаушылары 7 ақпанда жұмысын бастап оны 29 наурызда аяқтамақ.

Tags: 13kz13kz.kz13кзСайлауТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан: Танымал имам жастарды ұлттық құндылықтарды сақтауға шақырды

Next Post

Түркістан мен Самарқанд арасындағы бауырластық тамырын жая түсті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі