13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Ауылдарды дамытуға арналған «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылады

8 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Ауылдарды дамытуға арналған «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылады
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы толықтай іске қосылады, оған республикалық бюджеттен 11 млрд.теңге қарастырылған.

Халықтың 80 пайыздан астамы ауылды жерлерде тұратын Түркістан облысына қосымша 14 млрд. теңге бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Пилоттық жобаға қатысатын 32 ауылдық округте тұратын мыңдаған адам үйін кепілге қойып, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие ала алады. Орташа несие көлемі — 5 млн.теңге.

Осы мақсатта Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы жауапты басқарма басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, микроқаржы ұйым жетекшілері және ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өкілдерімен жиын өткізді. Облыс әкімінің орынбасары жобаны талдай келе, дақылдарды өсіру және өндірістерді ашуға болатын қолайлы аймақты анықтау жөнінде тапсырмалар берді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы ел экономикасының жаңа қозғаушы күші болатынын айтып өтті. Жаңа жоба біздің өңір үшін өте маңызды. Қазіргі таңда Жамбыл және Ақтөбе облыстарында іске асып жатыр. Ол аумақтарда халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі біршама артқан. Сондай-ақ тұрғындардың орташа табысының өскенін байқауға болады. Ең бастысы, кез келген ауыл тұрғынына қолжетімді етіп, жобаларды шағын инвестициялармен жүзеге асыруға мүмкіндік беруге қол жеткіземіз. Осындай жобалар арқылы біз ауыл халқының табысын арттырамыз», — деді Ермек Кенжеханұлы.

«Ауыл аманаты» жобасы — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешу мақсатында жүзеге асады. Жоба арқылы ауыл азаматтары кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала отырып, техниканы лизингке рәсімдеуге мүмкіндік алады. Несие немесе микронесиенің мерзімі — 5 жыл болса, мал және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобаларға 7 жылға дейін беріледі. Несиенің ең жоғары соммасы қолданыстағы заңнама бойынша анықталады.

Айта кетейік, жобаға қызығушылық танытқан ауыл тұрғындары толық ақпаратты аудандық «Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына» жүгініп, нақтылай алады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Ауыл аманаты»Қасым-Жомарт Тоқаев
Previous Post

Аmanat партиясы орталық сайлау комиссиясына құжаттар өткізді

Next Post

Түркістан: Танымал имам жастарды ұлттық құндылықтарды сақтауға шақырды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі