13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Шымқала» тарихи-мәдени кешені көне шаһардың туризм тынысын ашты

8 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
«Шымқала» тарихи-мәдени кешені көне шаһардың туризм тынысын ашты
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі «Ескі қалашықты» көруге келушілердің қатары артты. Шымкент қаласы мәдениет тілдерді дамыту және архивтер басқармасының берген мәліметінше, былтырдың өзінде «Шымқала» тарихи-мәдени кешенін көруге — 31 142 адам келген. Оның 30 323-ші Қазақстан Республикасының азаматы болса, қалған 819-ы шетелдік.

Бұл — «Цитадельдің» Шымкент тарихын айшықтайтын, тарихи және мәдении ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енген еліміздегі бірден-бір маңызы бар археологиялық нысан екенін айғақтайды.

Кешен қызметкерлері өлкеміздің мәдени, тарихи және ғылыми құндылықтарын сақтау, музей заттары арқылы мәліметтерді жинақтап тарату, халқымыздың материалдық ескерткіштері мен рухани мәдениетін зерттеп, көрнектері мен көрмелері арқылы жеткізуде ғылыми зерттеу, жинақтап іріктеу, экспозициялық, әдістемелік, ғылыми-ағартушылық, экскурсиялық қызмет көрсету жұмыстарын атқарып келеді. Мысалы, «Археологиялық қазба деректемелеріне сәйкес «Шымкент қаласының тарихы», «Көне Шымшаһардың тарихындағы Ұлы Жібек жолының маңызы», «Ежелгі шығыс базары», «Тарихи тұлға тағлымы», «2200 жылдық тарихы бар Шымқала сыр шертеді», «Орағасырлық Шым қала керуені», «Музейдегі түн», «Ежелгі Шымқаладағы қолөнердің дамуы», «ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған Шымқала», «Экскурсия саласындағы инновациялық жетістіктер» байқауы, «Жәдігерлер сыр шертеді», «Тарихты білу ұрпаққа парыз» квест-ойыны, «Ортағасырдағы көне Шымшаһар», «Зергерлік мол мұра», «Шымқала қазақ хандығы тұсында» және тағы да басқа іс-шаралар өткізілген.

Айта кетейік, мегаполистегі «Ескі қалашықта» өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап қазба жұмыстары жүргізілген. Ал екі мыңыншы жылдардың басында бұл жерге археологтардың қызығушылығы артып, қазба жұмыстарының ауқымы өсті. Қазба жұмыстары археологтардың Шымкенттің кем дегенде 2200 жылдық тарихы бар деп айтуына негіз берді. Осылайша «Шымқала» тарихи-мәдени кешені көне шаһардың туризм тынысын ашуға бірден-бір септігін тигізіп отыр.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Шымқала» тарихи-мәдени кешенітуризмШымкент
Previous Post

Шымкент: Инклюзивті білім берудің игіліктері

Next Post

Бұқаралық спорт — салауатты ұрпақтың кепілі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі