13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қаңғыбас ит-мысықтарға алғаш рет ұрықсыздандыру әдісі қолданылмақ

6 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қаңғыбас ит-мысықтарға алғаш рет ұрықсыздандыру әдісі қолданылмақ
Share on FacebookShare on Twitter

Әлеуметтік желіде «Шымкент әкімдігі иттерді  піштіруге 140 млн теңге бөлді» деген ақпарат тараған болатын. Бұл көпшіліктің ызасын тудырғаны жасырын емес. Осы мәселеге қатысты Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы БАҚ өкілдерін жинап, арнайы брифинг берді. Басқарма басшысы Ә.Жанбатыровтың айтуынша, ҚР Президентінің 2020 жылғы жолдауына сәйкес, ҚР Экология,геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2022 жылғы 20 мамардағы «Қаңғыбас жануарларды вакицнациялау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қаласында іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сай, қала аумағындағы 20 мыңға жуық қаңғыбас ит-мысықтарды аулау үшін қазынадан 139,5 млн теңге қаржы қаралған. Соның ішінде қаңғыбас ит-мысықтардың өсімін тұрақтандыру мақсатында 84 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға 8400-ге тарта ит-мысықтарға піштіру (қастрация), вакцинациялау, стрелизациялау жұмыстары жүргізіледі. Осы мәліметтер құлақтарына арнайы орнатылған чиптерге жазылады екен. Жалпы әрбір ит-мысыққа 10 мың теңге шамасында ақша жұмсалады. Мамандардың арнайы бақылауынан өтіп, қоршаған ортаға қауіпсіз екендігі анықталғаннан кейін ғана тіршілік ортасына қайта жіберіледі. Піштіру (кастрация) әдісі Шымкентте биыл алғаш рет қолданылмақ. Өсім көрсеткішін тұрақтандырудың тиімді әдісі Шымкенттен өзге, Алматы,Астана қалалары мен өзге де облыс орталықтарында жүзеге асырылады – дейді басқарма басшысы.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзкастрацияқаңғыбас ит-мысықтар
Previous Post

Мәжіліс Сайлауы: Партиялардың саяси науқанға дайындығы қандай?

Next Post

Мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі