13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

3 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Запаров мәлім етті.
Оның айтуынша, Түркістан облысы бойынша су сору және қашырту жұмыстары басталғалы бері барлығы ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан 440-тан астам адам, 71 бірлік техника, 43 мотопомпа жұмылдырылды.
«Түркістан облысына қарасты Сауран, Бәйдібек аудандары мен Кентау қаласында 2-ші ақпан күні орын алған су тасу бойынша жағдай тұрақталды. Дегенмен, өңірде су басу қаупі әлі де сейілген жоқ. «Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, 3, 4 ақпан күндері облыс аумағында жаңбыр, таулы аймақта қар жауады деп болжанып отыр. Егер, толассыз жаңбыр жауып, таудағы 70 сантиметрге жуық қар ерісе, Қазығұрт және Төлеби аудандарында су тасқыны орын алуы ықтимал. Тіпті, бұл аумақтан аққан су Келес өзеніне құйылып, Сарыағаш және Келес аудандарына өтіп кетуі де ғажап емес. Жалпы, дәл қазір табиғат тосын мінез танытса, облыс аумағындағы кез келген ауданда төтенше жағдай туындауы мүмкін. Сол себепті барлық жерде қауіптің алдын алу жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр», — деді Бақытжан Запаров.
Қазіргі таңда Бәйдібек ауданында Шаян мен Шақпақ, Сауран ауданында Шаға, Созақ ауданының Шолаққорған ауылдарында және Арыс қаласында су бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында 13 000 бірлік құм салынған қап төсеу жұмыстары жүргізілді.
Айта кетсек, Бәйдібек ауданының Шақпақ ауылында жеке тұрғын үй ауласынан су сору жұмыстары жүргізілуде. Салдарынан 36 кіші бас малы өлген, 589 кіші бас малы қауіпсіз жерге шығарылды. Жалпы ЖД күшімен су басқан аулалардан барлығы 204 адам, оның ішінде 111 бала эвакуацияланды, 800-ге жуық ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАН: БАСШЫЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА КӘСІПКЕРЛІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР АЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ МИНИСТРІ СУ ТАСҚЫНЫ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі