13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ- БАСТЫ МІНДЕТ

2 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ- БАСТЫ МІНДЕТ
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданында зейнет жасындағы қариялардың қоғам ортасындағы белсенділігін арттыру, оларды зияткерлік және шығармашылық өмірге тарту, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында ашылған “Белсенді ұзақ өмір” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істеп тұр.

Орталық 2022 жылы іске қосылған. Заманауи талапқа сай мекеме аудандағы 300-ге жуық ардагерге күнделікті бекітілген кестеге сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсетіп келеді. Ғимаратта тұз бөлмесі, психологиялық, массаж, бильярд секілді арнайы кабинеттер мен жаттығу залы бар. Мекемеде 14 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды былтыр Отырар ауданына жасаған сапарында орталықтың жұмысымен де танысып, оң бағалаған болатын.

2022 жылы қарияларға мерекелік концерттер, тренингтер, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне және Ұлы жеңістің 77 жылдығына орай 100 қарияға концерттік бағдарлама өткізілген. Мұнан бөлек, 2022 жылы орталықтың ұйымдастыруымен 50-ге жуық ардагер облыс орталығы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесі, «Керуен сарайы» демалыс кешені, «Ұлы Дала Елі» музейі, Бәйдібек ауданындағы «Домалақ ана» кесенесіне және «Ақмешіт» үңгіріне саяхаттап, тарихи орындарды тамашалап қайтқан.

Ардагерлерге құрмет көрсету – мемлекет саясатының және жергілікті атқарушы биліктің басым міндеттерінің бірі. Яғни, күллі саналы ғұмырын еліне арнаған әрбір егде тартқан азамат жемісін көруге хақылы. Орталықтың жұмысы биыл да қарқын алып, жандана түседі.

Еске салсақ, былтыр Түркістан облысы, Отырар ауданында «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылған еді. Орталық құрметті еңбек демалысына шыққан барлық еңбек ардагерлерінің басын біріктіретін бірегей ортаға айналып отыр. Мұнда ардагерлердің бос уақыттарын тиімді өткізуге мол мүмкіндік жасалған. Олар өзара әңгімелесе отырып, шығармашылықпен айналысады, медициналық көмек алады, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен де шұғылдана алады.

Іс-шара барысында рухани құндылықтарымызды, ел бірлігі мен діни татулық пен тұрақтылықты аудан тұрғындары арасында насихаттауда қосқан үлестері үшін ауданның бірнеше ардагеріне аудан әкімі алғыс хаттар табыстаған-ды. Айта өтсек, орталық ғимараты түрлі заманауи аппараттармен жабдықталған. Атап айтқанда: тұз шахтасы (тұзбен емдеу), медике кабинеті, автоматтандырылған түрлі массаж құрылғыларымен және арнайы психологиялық көмек көрсету кабинеті, кітапханамен қамтылған.

Previous Post

Жерді өз бетінше иеленуге жол жоқ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі