13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларациялау – көлеңкелі бизнесті бақылауға мүмкіндік береді

2 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Жалпыға бірдей декларациялау – көлеңкелі бизнесті бақылауға мүмкіндік береді
Share on FacebookShare on Twitter

Жалпыға бірдей декларациялау көлеңкелі экономикамен күресуге бағытталған бақылау жүйесі болып табылады. Салық заңнамасында жалпыға бірдей декларациялаудың төрт кезеңі қарастырылған, жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі 2021 жылы басталды. Бірінші кезеңде мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар және оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары тапсырады.

2023 жылдан бастап декларацияны квазимемлекеттік сектордың, білім беру, мәдениет, спорт саласының мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері тапсыратын болады. Олар, балабақшалар, мектептер, ауруханалар. Квазимемлекеттік сектор — бұл құрылтайшысы және қатысушысы мемлекет болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар, ЖШС, АҚ, ұлттық компаниялар, холдингтер.

Келесі, үшінші кезең 2024 жылы басталады. Салық декларациясын  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшылары мен құрылтайшылары,  дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсыра бастайды.

Төртінші кезеңде 2025 жылдың қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау ҚР қалған барлық азаматтары қамтылады.

250.00 салықтық есептілік нысаны екінші кезеңде 2022 жылдың 31 желтоқсан жағдайы бойынша тапсырылады. Жалпыға бірдей декларацияның негізгі бөлімдерінде шет мемлекетте тіркелген мүліктің, шетелде көлік құралының, ҚР аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктердегі шоттарда жиынтығында 1000 АЕК-тен асатын ақшаның бар-жоғы көрсетіледі (2022 жылы АЕК 3063 теңгені құрады, 3 млн 63 мың теңге).

Сондай-ақ, басқа мемлекеттердегі жарғылық капиталдағы үлес, жылжымайтын мүлік құрылысына үлестік қатысу, оның ішінде ҚР-да және ҚР-нан тыс жерлердегі инвестициялық алтынның, бағалы қағаздардың, ҚР-да және ҚР-нан тыс жерлердегі, инвестициялық қорлардағы пайларды көрсетіледі.

Жалпыға бірдей декларацияда дебиторлық және кредиторлық берешектің, оның ішінде ҚР аумағынан тыс жерде сенімгерлік басқарудағы мүліктер көрсетіледі. Сондай — ақ, бағалау құны 1000 АЕК-тен асатын басқа мүлікті көрсетуге болады — картиналар, зергерлік бұйымдар.

Жалпыға бірдей декларациянын  қағаз тасығышта тапсыру мерзімі- 2023 жылдың 15 шілдесіне дейін, электрондық түрде 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсырылады. Жеке тұлға декларацияны тұрғылықты жері бойынша ұсынады.

Декларацияны электронды түрде мемлекеттік кірістер комитетінің «салық төлеуші кабинеті» web-порталы (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), eSalyqazamat мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.

Конец формы

Начало формы

Конец формы

 

Tags: 13kz13kz.kz13кздекларацияШымкент
Previous Post

Келес ауданында су тасқыны жағдайы тұрақты

Next Post

Всеобщее декларирование - позволяет контролировать теневой бизнес

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі