13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте халықты баспанамен қамтуда жаңа бағдарлама іске қосылды

2 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте халықты баспанамен қамтуда жаңа бағдарлама іске қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

Биылдан бастап Шымкент қаласында тұрғын үй кезегі бойынша арнайы санаттарға жатпайтын азаматтардың да баспанамен қамтылуына мүмкіндік қарастырылады. Іске қосылатын  «Қамқор» өңірлік бағдарламасы арқылы алғашқы кезеңде 150 адамды пәтермен қамту жоспарланып отыр. Қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының былтырғы жұмыстары мен алдағы жоспарлары бойынша есебін тыңдаған қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа бағдарламаны іске қосу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Биыл мегаполисте халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Көпбалалы аналар мен жетім балаларға, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, жастарға жыл соңына дейін 2 мың  пәтер беру жоспарланып отыр.

“Жылдан жылға қалада халық саны артуына байланысты баспанаға мұқтаж азаматтар көбейіп келеді. Осыны ескере отырып, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын “Қамқор ” бағдарламасын іске қостық. Қала бюджетінің артуына орай бұл бағдарламамен пәтерлі болатындар саны да жыл сайын көбейіп отыратын болады” – деді қала әкімі.

Мұрат Дүйсенбекұлы саладағы проблемалық мәселелерге де баса назар аударды.  Апатты және күрделі жөндеуді қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің мәселелерін оңтайлы шешу бойынша да жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұл ретте қаланың сәулеттік ерекшелігін сақтау да маңызды екенін ескертті. Жоспарға сәйкес, реновация бағдарламасы шеңберінде жыл сайын орталық көшелердегі 10 үй жаңартылатын болады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзМұрат ӘйтеновТұрғын үй
Previous Post

Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан бірқатар жолдар жабылуда

Next Post

Келес ауданында су тасқыны жағдайы тұрақты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі