13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық жастар қорғаныс ведомствосы өкілдерімен кездесті

30 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістандық жастар қорғаныс ведомствосы өкілдерімен кездесті
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Түркістан облысы жастары арасында Қарулы күштердің имиджін арттыруға, жастарды әскери парыздарын өтеуге шақыруға бағытталған кездесу өткізді. Іс-шара «Ұлы дала елі» орталығында, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Болашақ Отан қорғаушылар үшін пайдалы өткен кездесу барысында  Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі подполковник Ғалымжан Жұмабаев әскери-патриоттық тәрбие, Отанды қорғауға әзірлік, әскери борышқа адалдық сияқты тақырыпта сөз қозғады.

Ал, Әскери білім және ғылым департаментінің өкілі полковник Қуаныш Зекенұлы 2023 жылдан бастап іске асырылатын мерзімді әскери қызмет өткергендер үшін жоғары оқу орындарында оқуға арналған жеңілдіктер туралы нақтырақ тоқталып, бұл жобаның қалай жүзеге асырылатыны туралы айтып өтті.

Облыс жастарымен кездесуге арнайы уақыт бөліп келген Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының 4 курс курсанты Жаңабай Бұрханов пен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 2 курс курсанты Мырзахан Рүстемұлы жерлестеріне әскери оқу орындарына түсу тәртібі туралы түсіндірме жасап, оқу процесі, мамандықтары және атқаратын оқу-жауынгерлік міндеттері туралы айтып берді.

Кездесу барысында өскелең ұрпақ Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайдың көшпелі экспозициясын тамашалап Қарулы күштердің 30 жылдық қамтыған тарихымен және жетістіктерімен жақын таныса алды.

Іс-шара ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымының концертімен аяқталды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Шымкенттік оқушылар Қазақстан армиясының қызметімен танысты

Next Post

ТҮРКІСТАН: САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУ АРҚЫЛЫ ӘРКІМ ӨЗ БОЛАШАҒЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі